Жұртқа жырмен ұнаған

Бұл бетте «Жұртқа жырмен ұнаған» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 1
  • 2796
Жұртқа жырмен ұнаған
Айналайын көкем-ау,
Жел сөзіңе бұл адам
Жалықпайды екен-ау!
Жұмысыңды қойдырып.
Жеңді бізді құмарлық.
Кешті тостпен тойдырып,
Коньякқа суардық.
Қыза-қыза
Түймені
Түйедей ғып өсіріп,
Көңілдерді биледі
Көбік шашқан есірік.
Ғұмырына жетерлік
Жел сөз қашан сарқылмақ!
Басына үйді көтеріп,
Күлді достар қарқылдап.
Қасиетсіз күн кешкен
Ердің құны кеми ме?!
Желпілдеген сол кештен
Жүдеп қайттым мен үйге.
Ұмытса адам
Ойға алған
Жұмыс пенен парызды,
Бидайсыз құр айналған
Жел диірмені тәрізді.


Пікірлер (1)

Сабит Саида Алибекқызы

Маған бұл өлеңдердің барлығы ұнады

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұртқа жырмен ұнаған өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Жұртқа жырмен ұнаған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұртқа жырмен ұнаған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұртқа жырмен ұнаған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері