Бұлт және күн

Бұл бетте «Бұлт және күн» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3523
Түс көріп ем:
Сақ-сақ күліп албасты,
Жүн-жүн қолмен жағама кеп жармасты.
Келесі күн
Қуанышым мендегі
Өкінішпен,
Ренішпен алмасты.
Қырдың ұлы гүлді қалай қияды?!
Күнмен қоса ол да нұрын құяды.
Бүгін, бүгін...
Қызғалдақтай жырымды
Таптап кетті надандықтың тұяғы.
Жасырмаймын,
Жасырмаймын сырымды.
Бір көлеңке басты менің нұрымды.
Барар жерге жете беріп,—
Әттең-ай!—
Арындаған арғымағым сүрінді.
Дос дегенде көңіліме жаз кірді.
Олар бірақ мені бекер жазғырды.
Басыма күн туған кезде
Оларды
Әзәзілдер оп-оңай-ақ азғырды.
Амал қанша жанбай қойса бағы ұлдың!
Осыны айтып қай кезде мен шағындым?
Кешкілікте тойда болып,
Ертесін
Хирургтің столынан табылдым...
Айтты деме құсасы мен мұңдарын.
Көрген мұны менен басқа мың дарын.
Түйілуін түйілді бұлт,
Сонда да
Ұмытқам жоқ бұлт астында күн барын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұлт және күн өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Бұлт және күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бұлт және күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бұлт және күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері