Ай нұрынан – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Ай нұрынан» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3741
Ай нұрынан,
Күн нұрынан нәр алған
Арман қайда қолаң шашы таралған?!
Қуанышын қанат қылып адамдар
Аспаныңа ұшу үшін жаралған.
Жастығыңның ақ сұңқары қуды іліп,
Тойлау керек,
Тойлау керек ду күліп.
Бірақ кейде тіршіліктің тұманы
Ұшырмайды қанатыңды су қылып.
Әр уақытта күні ғаріп кірменің.
Не теңім деп өлең менің,
Жыр менің?
Шұғылданып ұсақ-түйек шаруамен
Амалың жоқ,
Тышқаншылап жүргенің.
Керек емес маған алыс шет елің,
Керек арман!
Соған қалай жетемін?!
Қанатым су,
Қанатымның орнына
Асыққанда желпілдейді етегім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері