Сезімнің жапырақтай семді гүлі – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Сезімнің жапырақтай семді гүлі» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2834
Сезімнің жапырақтай семді гүлі.
Қай жерге қоямын деп енді мұны,
Көп сырға,
Көп жырларға куә болған
Көп қағаз өртедім мен сенбі күні.
Адамдай
Қағаздың да тәтті жаны.
Лaп етіп талай парақ атты жалын.
Мен өзім қалай жансам жазған кезде
Олар да тап осылай жатты жанып.
Ақындар ерке халық,
Серке халық.
Асаудай әлденеден үрке қалып,
Шошиды,
Мен өзім де шошып кеттім,
Өртеуін архивімді өртеп алып.
Бұл таныс көп өртеніп,
Көп күйгенге.
Бұл керек өлең жазып,
Ой түйгенге.
Ішіне оқ тигендей
Бүктетіліп
Қағаз да құлайды екен от тигенде!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сезімнің жапырақтай семді гүлі өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Сезімнің жапырақтай семді гүлі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сезімнің жапырақтай семді гүлі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сезімнің жапырақтай семді гүлі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері