Көктем келіп қалыпты-ау – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Көктем келіп қалыпты-ау» атты Қадыр Мырза Әли жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3848
Көктем келіп қалыпты-ау!
Көктем келіп,
Алыпты жел бұлттарды көктен бөліп.
Шымырлаған шуаққа шыдай алмай,
Шыңылтыр мұз кешегі кеткен кеміп.
Жатқан жота оранып шекпен-қарға
Ұқсаушы еді бір мезет шеккен нарға.
Назың бар ма айтатын наурызыңа?
Өткен қысқа айтатын өкпең бар ма?!
Көктем келіп қалыпты-ау!
Көктем келіп,
Қыстың күші шынымен кеткен кеміп.
Сүйікті бір күндерді әкетті ме ол
Сүйегіңді алғандай еттен бөліп.
Құларыңды білмейсің,
Сынарыңды.
Қандырғың да келеді құмарыңды.
Шағаладай шаңқылдап шалқарында,
Шарқ ұрып кеп іздейсің сыңарыңды!
Көктем келіп қалыпты-ау!
Көктем келіп,
Жылы желді жетектеп жеткен бе елік?!
Көрінгенге көз сүзіп қобалжисың,
Көңіліңе бір сайтан кеткен бе еніп?!
Қыс-көңілдің көк мұзын келе бұзып,
Жүрек тулап, бір түрлі дене қызып,
Түні бойы шығасың дөңбекшумен,
Күні бойы жүресің елегізіп.
Көктем келіп қалыпты-ау!
Көктем келіп,
Жүректердің гүл бағы кеткен бе өніп?!
Белгісіз бір қуаныш құшақ жайып,
Ыстық сезім сүйеді беттен мені!..
Көктем келіп қалыпты-ау!
Көктем келіп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктем келіп қалыпты-ау өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Көктем келіп қалыпты-ау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктем келіп қалыпты-ау өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктем келіп қалыпты-ау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері