Сыр бөлісемін – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сыр бөлісемін» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 685
Нар болып қаншама ауыр
Көтердім өмірдің жүгін.
Бәріне — жақын, дос, бауыр,
Сыйлап ем жанымның гүлін...
Өсті де көрсетпей шаңын
Көжектей сағалап жымын
Кетті олар,
Өмірдің заңын
Дегендей, бауырым, ұғын.
Не шара тағдырға көніп,
Халіммен мен келісемін.
Ойымды өлеңге өріп,
Оқушым, сыр бөлісемін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері