Ақ көгершін – Сапарғали Бегалин

Бұл бетте «Ақ көгершін» атты Сапарғали Бегалин жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.06.2019
  • 0
  • 1
  • 11303
Бейбітшілік жаршысы, үш аспанда,
Еңбекші елге, достыққа ұран сал да,
Ақ қанатты көгершін адам досы,
Жетсін үнің, ұраның бар жаһанға.
Бейбітшілік бақыт деп салсаң ұран,
Үніңді естіп талқандар торды қыран,
Еңбек сүйген әлемнің адамдары
Қанаттанар жас түлек жалынды ұлан.
Сен бақыттың жаршысы өмір құсы,
Үстінде бар бейбітшіл халық күші.
Шарла әлемді, шарықта, шаршап, талма,
Жаз болғанша теп-тегіс өмір қысы.
Ақ көгершін, аспанда
Қырғи бар деп жасқанба,
Шырқа шыңнан асқарға.


Пікірлер (1)

Орынтаева айсұлу

Рақмет мен мына ақ көгершін дегенді жаттадым өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері