Өлең, жыр, ақындар

Суық ызғар соғады

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 914
Суық ызғар соғады дөдегемнен,
Көнбіс едім көк қайыс не деген мен?
Бөбегімнің мұздайды қол­аяғы,
Орап­шымқап бесікке бөлегенмен.
Сырты бүтін үйімнің бір көргенге,
Несін айтып жатамын білгендерге.
Жел үрлеген ұстаның көрігіндей,
Гуілдейді ызғырық іргемнен де.
Қиыс кетсем қиянға жеке беттеп,
Осы ұяны ұрпағым мекен етпек.
Ақ бораннан ықпайтын қазақ едім,
Оранатын тұйықтап текемет жоқ.
Бұйым көрмей қызыл жел кигенімді,
Сұққылайды өкпемді, бүйрегімді.
Сақылдаған сары аяз сыртқа шықсам,
Шалғайыма жабысып үйге кірді.
Жырым­жырым жұтаған етек­жеңім,
Қай мұратқа, ойпыр­ау, жетем дедім?
Қойнаудағы қыстауға естіледі
Көрпе астында күркілдеп жөтелгенім.
Тулақ төсеп үстіне қара сыздың,
Аунақшимын көз ілмей, шарасызбын.
Құсаланған қырандай күнім қараң,
Талпынам деп тақырда қанат үздім.
Өзімді өзім ішімнен түтіп жеймін,
Тартпай қалған мұржадай түтіндеймін.
Қырық тесік тілейді қырық жамау,
Бәрін қалай әп­сәтте бүтіндеймін?
Қатты шықса дауысым кейде менің –
Басым қатып, ашынып сөйлегенім.
Бірдің мұңы ұласар мыңға барып,
Өзімді айтып, халқымды бейнеледім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ез

  • 0
  • 0

Сана бар – теңізді де көл дейтұғын,
Көздер бар – көк тиынды көздейтұғын.
Маңдай бар – қап көтермей терлейтұғын,
Тілдер бар – шағып алып сөйлейтұғын.

Толық

Патша қызының зары

  • 0
  • 0

Таң атады, күн батады,
Өмір сырғып жатады.
Қара түнге малынады
Таңның алтын шапағы.

Толық

Ерлік дастаны

  • 0
  • 0

Жұмыр жер!
Айнала бер кіндігіңде,
Қарамас ойлы көзбен кім бүгінде?
Мына әлем – алып мұхит, сен – кемесің,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар