«Адам тегі маймыл» - дейді – Айтуар Өтегенов

Бұл бетте ««Адам тегі маймыл» - дейді» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1693
Нанба мейлі, наныңдар,
Танба мейлі, таныңдар,
«Адам тегі маймыл» – дейді ғалымдар.
Ғалымдардарға таңым бар.
Тебіренем, толғанамын ұдайы,
Бұл сұмдыққа қалай төзем, шыдайым,
Бір мақұлық...
Ортақ үлес алып жатса қанымнан.
Бұл пікірді қайтып алың ғалымдар.
Десең нанам: «Жер –Анадан нәр алған,
О, бастан –ақ Адам болып жаралғам.
Жүрегіміз дана жүрек болыпты,
Дана жүрек толықты да, молықты,
Кеудемізде шешек атып соны арман.
О, бастан–ақ Адам болып жаралғам.
Арым таза соныменен баймын да,
Із боп қалған шаттығым да, қайғым да.
Қулығы мол, сұмдығы мол адамдар,
Айналыпты маймылға,
Айналыпты маймылға!!!» –
Десең наным...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері