Қыл көпір – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Қыл көпір» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1069
О дүниеге барғанда
Қыл көпiрден өтесiң.
Өтсең – өтесiң!
Өтпесең –
Тозақтың отына түсiп
Күл болып кетесiң.
Көкке ұшқан жаның
Аспан астына симай
Шырқырап тұрады.
Қабiрiңнiң топырағы
бұрқырап тұрады.
Бiрақ мен
Қыл көпiрден қорықпаймын.
Солай болады екен деп
Торықпаймын.
Алланың
Жазғанын көрем.
Не көрсетсе де көнем.
Өйткенi – тiрлiкте де! –
Қыл көпiрдiң
Үстiнде жүрмiн.
Қыл көпiрден
Талай рет құлап
Қып-қызыл отқа түскем.
Қуырылып
Шоққа түскем...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері