Өлең, жыр, ақындар

Қиянат соғыс

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 630
Тағы да жер үстiн
Зұлмат басты.
Әлемдi
Шешуi де жоқ,
Шешiмi де жоқ –
Қап-қара! –
Жұмбақ басты.
Дүниенiң
Ұнжырғасы түсiп,
Басы кеудесiне құлап
Салбырап қалды.
Пiл сауырлы жерiмнiң
Қоң етi кесiлiп.
Қып-қызыл қан сорғалап
Жалбырап қалды.
Жердi
Бомбымен төмпештеп жатқан
Дүрсiл мен гүрсiлден
Күрсiнген тiршiлiк
Қартайып кеттi.
Тауларым
Шайқалып кеттi, –
Денесiнен тас бiткен
Қарбыздай домалап
Төгiлiп жатты.
Тал-теректер
Шаштарын жайып жiберiп –
Желмен алысып
Егiлiп жатты.
Көлдерiмнiң көздерi! –
Қорыққанынан
Аларып кеттi.
Таулардың шашы –
Торыққанынан! –
Ағарып кеттi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тозған үй

  • 0
  • 0

Тозған үй бұл, тозған үй бұл, тозған үй,
күнi бiтiп уақыттан озған үй.
Сөнiп кетпей,
өлiп кетпей сонда да

Толық

Қаралы Қараойда болған түнгі оқиға

  • 0
  • 0

Мәңгiлiк қаралы
Қаройдың үстiн
Қап-қара қалың
Қара бұлттар басқан кезде;

Толық

Қарлығаш құс

  • 0
  • 0

Қарлығашым-ау,
Құстардың iшiндегi
Құйтақандай
Қанатты қарындасым-ау.

Толық