Бұл бетте «Елігім» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақшамда туған айдай ақ түсің,
Жаңа аяқтанған құлындай мүсін...
Әлде сен, қалқам, ару бейнеде
Аспаннан түскен періштемісің?
Құралай көзді үркек елігім,
Жаның кіршіксіз пәк-ау сенімің.
Һаллдай бейқам, аярсыз аңқауым,
Көрім көркіңді, басты мені мұң.
Осынау ғажап сымбатың, пішін,
Тамсантып кептің күйдірген ішін.
Өзге емес дүние-ай. өзіңнің тіпті
Болады-ау жақсы көрген бір түсің
Өмірге солай келгенің үшін,
Көп көзге ләззат бергенің үшін.
Өкінішке орай, бұл уақыт сенен
Өзгертіп бәрін алады-ау өшін.
Толып бір тасып төгілмес көңіл
Жоқ әсте, бастан ететін небір
Жақсы-жаманның қарымы болад,
Есесін алмай өтпейді өмір.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі