Атқанша таң
Атқанша таң,
Жиекке батқанша Күн
Байыз таппай өзiңдi тəттi аңсадым.
Көз алдымнан кетпедi,
Атқанша таң,
Жиекке батқанша Күн
Байыз таппай өзiңдi тəттi аңсадым.
Көз алдымнан кетпедi,
Өзiңдi перiштемен бiр баладым,
Бұл сөзiм жалған емес, шын, қарағым.
Көңiлге тойымы жоқ шара бар ма –
Бiр мезет көрмей қалсам, мұңданамын.
Сен маған қарамағын мұнар көзбен,
Өткенмiн сылқым бикеш сынар кезден.
Ақшулан Алатаудың аңғарындай
Менiң де көкiрегiмдi тұман кезген...
Көңiлдiң өзiң едiң жыр-думаны,
Кездеспей кеттiк бiздер, кiм кiнəлi?
Көгерiп еккен шыбық,
Көктем шығып,
Жырым саған арналды, əнiм саған.
(Сабырынан айрылар сағынса адам).
Саздарымды жеткiзсiн сарала күз,
Арманымды жеткiзсiн ағын самал.
Қинадың-ау, қинадың-ау менi ұқпай,
Кездеспей де, жүздеспей де, жолықпай.
Жүрегiңе жету сенiң мұң болды-ау
Жас кеудеңе жасырынған тобықтай.
Ақтарсам жүректегi жайдың бəрiн.
Мен сенiң қуанышың, қайғыңдамын.
Қарап ем,
көзiң, қалқам, – айдын екен,
Сенсiз мынау қаланың сəнi кеттi.
(Сен барында ғажап-ты, ғанибет-тi...)
Мерекесiз мезi еткен мезгiлдейiн
Берекесiз бiр күнiм тағы да өттi.
Мүмкiн, менi сөгерсiң, кiнəларсың,
Жанарға жас, көңiлге мұң аларсың.
Есiгiңнен елесiм сығаласа,
Қайдан менi есiңнен шығарарсың?!
Өзге емес, өзiме аян өз кеселiм,
Уақыт құйып жатыр көзге шерiн...
Өртенген жапырағы жадау бақта
Дерт емген күндерiммен кездесемiн.
Сен менiң көңiлiмдi таба алмадың,
Табамын деп таусылды амалдарың.
Көлгiрсiп, масаң күлiп, майысқанмен,
Көрсеттi жасандылық жанарларың.
«Кетпе» – дейсiң,
Өкпелейсiң.
Тез басылдым, мастық па, сөкпегейсiң,
Көз жасыңды жастыққа төкпегейсiң.
Төсiңнен тоят бердiң... Қанды шөлiм.
Ернiңнен есiм кете балды iшемiн.
«Махаббат бар!» дегенге – мəңгi сенiм!
«Махаббат жоқ !» дегенге – қарғыс, өлiм!
Ұшқын. Дауыл. Есуастық.
Тасқын. Жауын. Қайта ғашық.
Суық бөлме. Есік ашық.
Біткен жараны құртамыз ашып.
Ей бауырым,ата-анаңның қадірін түсінбедің,
Кеш болды ғой барлығын тусінгенің.
Бар кезінде қадірін кетіргенің,
Бар кезінде де биікке сен жетпегенің.
Қазақ тілі бай тіл деп мақтанамыз,
Қазақ тілі керемет деп шаттанамыз.
Депутаттар өз тілін білмей жатса,
Дым демейміз тек іштен біз қынжыламыз.
Қалайша шабытымды жасырайын,
Қаламым мен қағазға асығайын.
Жүректің түпкірінде жалындаған,
Сөздермен жыр боп мен де шашылайын.
Көңілім шалқып шаттықтан,
Армандап, аңсап жаттыққан.
Қиялдап қилы өмірді,
Айналған басым бақ-құттан .
Ақын қыздар ұлтымыздың жүрегі,
Мәңгі өшпес тарихтың да тірегі.
Елім деген аруларың аяулы,
құрметтейді, қазақ елі біледі.
Елім менің ұлы отаным өз елім,
Өн бойыңды от жырыммен кеземін.
Жүрегімнен шығып жатыр жауһар жыр,
Жүрегіммен сені жақсы көремін!
Ұйқыңнан бүгiн ерте тұршы, гүлiм,
Күндегi күтiп қалды тiршiлiгiң.
Жаралған ет-жүректен жанның бəрi
Құдайға жасап жатыр құлшылығын.
«Бiлектей арқасында өрген бұрым»
Сұлуды бүгiн емес, көргем бұрын.
Тағдыры талай шаштың еске түссе
шығады көкiрегiмнен шерменде үнiм.
Қара қасың қиылған айқабақта.
Мен қарасам, көзiңдi тайғанатпа.
Қара құстан жүрейiн қорғалақтап,
Бала құстай алдымда айналақта.
Арудың арбады ма тəнi ашылып,
Айрылды ақыл-естен бала шыбық.
Келiншек кең төсекте керiледi,
Шамасын шалажансар шарасы ұғып.
Мен сенi, жаным, түсiнем...
Күнəсiз құйттай құсым ең.
Қоңыр күз түрткi салғанда,
Ұяңды қимай ұшып ең...
Ес жиғанда жолығып Елесiммен,
Шығара алмай жүрмiсiң менi есiңнен.
Бiрге бола алмасақ,
Ғайып-ана
Кездессем азын-аулақ,
Көңлiңнiң назын аулап
қаламын мен.
Күн санап түрленетiн,
Сағынта келiп отырдың,
Сызыла қымыз сапырдың.
Имене кесе ұсындың,
Қызара түсiп, қысылдың.
Айтылар əн,
Таусылып жазар шумақ,
Сенi күттiм, аяулым, азар шыдап.
Дəл осылай тағатсыз күтушi ем-ау
Егiлдiм саған, берiлдiм,
Ғашықтық сырын мың айтып..,
Өткiншi мынау өмiрдiң
Өкiнiштерi мұңайтып.
Сүмбiл шашты су бетiне жайып сап,
Əппақ, ару ажарыңа ай ұқсап,
Айлы кеште су перiсi – өзiңмен
Арғы бетке өтер ме едiм қайық сап.
Жыламашы, жаным...
Мен сенi көргенде, жыласын деп пе ем?
(Жанымда жүр ғой бiр асыл көктем).
Қара бұлттарды қақырата сөгiп,
Мiнезiң сенiң жаз-жайраң,
Жұмақтан жұпар жұтқандай.
Жапырақ-жаным мəз-мəйрам,
Шомылып шыққа шыққандай!
Мен сенi көрмегелi көп күн өттi,
Аймалап талай бұлт өптi көктi...
Көңiлге ағыл-тегiл күй қалдырып,
Ақ бейiл – нөсер легi төктi де өттi...
Мiнезiңдi соншама бұлдағандай
Айтшы, кiнə бар едi гүлде қандай?
Жұлса жiгiт – үмiтпен жұлған шығар,
Сен лақтырсын деп бiрақ жұлмаған ғой?!
Жан қыздар, жаныма əркез жақынсыңдар,
Жыр жазсам өздерiңе – оқырсыңдар.
Жылдарым өткен сайын,
Көктем сайын
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі