Бес кәмпит
Дегенде сары беткей, сары беткей,
Жатады сары беттің, дүние-ай, қары кетпей.
Барында оралыңның ойна да күл,
Бетіңнің алақандай, дүние-ай, әрі кетпей.
Дегенде сары беткей, сары беткей,
Жатады сары беттің, дүние-ай, қары кетпей.
Барында оралыңның ойна да күл,
Бетіңнің алақандай, дүние-ай, әрі кетпей.
Бұл өлке біздің ауыл жайлаған жер-ай,
Желіге асау құлын байлаған жер-ай.
Көзіме от жалындай көрінеді-ай,
Айқасып құлын-тайдай ойнаған жер-ай.
Айналайын көзіңнен, бота көзім,
Ойымдағы өзге емес, жалғыз өзің, алгідіг-ай,
Аулың алыс кеткенде, ей қалқажан,
Естен кетпес, қош болғай, деген сөзің, алгідіг-ай.
Көзіңнен айналайын қарақтарым,
Секілді ақ қазина тамақтарың.
Болғанда сіз бір лашын, біз бір сұңқар,
Білмеймін қай жеріне қонақтарын.
Қамысы Әупілдектің мүше-мүше,
Сарғайдым осынау көлдің суын іше, әпитөк.
Қос қанат құсқа біткен маған бітсе,
Бармас па ем сәулетайға әлде неше, әпитөк!
Сарғайдым жолыңа мен қарай-қарай,
Хабарсыз кеттің сәулем неге бұлай, Әпитөк.
Жастықтың ауыртпалық толқынында,
Жүрмісің ойда қалып әлдеқалай, Әпитөк.
Басында биік таудың мұнары бар,
Мойнында көк бестінің тұмары бар, әпитөк.
Құрбылар, бұл қалай деп сөге көрме,
Ғашықтың тарқамаған құмары бар, әпитөк.
Ауылдан шығушы едім ертеңменен,
Жүйіткиді теңізшілер желкенменен.
Кетпейді тұрсам – ойдан, жатсам – түстен,
Жастағы өткізген күн еркемменен.
Әлди, бөпем, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем,
Астыңа терлік салайын,
Үстіңе тоқым жабайын,
Әлди, әлди, әл бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Әлди, бөпем, әлди,
Шырын сөзім, әлди,
Екі сөзім, әлди,
Әлди, бөпем, әлди.
Тігеді шебер көйлек, ей, бойға салмай,
Айтады ақын өлең ойға салмай.
Әй, гигәй, көкем.
Өлеңді мұнда айтпаған, ей, қайда айтамыз,
Кегеннің біздің ауыл, ахау, төрінде отыр-ай,
Баяғы өзің көрген, айхой, жерінде отыр, әгугәй-угәй.
Көңілің шыныменен, ахоу, менде болса-ай,
Көзіме сағат сайын, ахоу, көрін де отыр, әгугәй-угәй.
Жырғылтыдай жер қайда қар алмаған-ей,
Жібек шашың желкілдеп таралмаған-ей.
Ей, әгөй, қалқаш,
Ой, әгөй-гай.
Басы биік Бұлғын тау мұнарланған-ей,
Өзен ағып баурынан – ей, сылаңдаған.
Әгигәу-гигәй.
Орман іші аң тола өрмелеген-ей,
Дәйім менің мінгенім мұз көк ала-ай,
Сала алмас осы әнге бала, әгигәй.
Қыл өтпес арамыздан тату едік-ай,
Арадағы айрылдық сөзге бола, әгигәй.
Ендеше, бес сала кер, бес сала кер,
Дегенім бес сала кер – бес сала кер.
Ахахау, айдой-ай.
Барады заман өтіп жылдан жылға,
Аулың сенің белде еді, белтұрғанда,
Орамалың желп етер жел тұрғанда.
Ахау, Үрия-ай!
Күн мен айын біреудің не қылайын,
Аспанда ай болмаса адасады,
Көңілді көтермесе кір басады.
Ахау, Семей! Тіл мен көмей,
Басылмас жанған жүрек сәулем келмей.
Жұрағат, өлең айт деп нұсқадың ба-ай,
Айтушы ем сізге түгіл дұшпаныма-ай.
Жаныңа бағалатсам жан жетпейді-ау,
Жетеді кім жақсының мысқалына-ай.
Ахау, мосым – ахау, мосым,
Өзің көңіл бергенде болса болсын-ай.
Сүйген сәулем, жақын досым,
Аулымыздың арасы жақын қонсын-ай.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі