Мамыр ай
Жанға жайлы жадырай,
Келді көктем мамыр ай.
Сұлулықты соншалық
Жаратушы Тәңір-ай!
Жақсы деген немене? –
Әдеп пенен өнеге:
Үлкендерді сыйлауың,
Ақыл сөзін тыңдауың.
Менің қолым керемет,
Саусақтарым сиқырлы.
Ағаштарды шегелеп,
Тарта білер күй түрлі.
Тыңдай білем атамды,
Тыңдай білем апамды.
Сондықтан да атамнан
Алғыс алдым, бата алдым.
Арайланған таңдарда,
Шықшы, қалқам, аңғарға.
Самал желмен тербеліп,
Тіл қатады талдар да.
Жан дүнем ізгіліктен жаралған,
Жүрегімнен күн шуағы таралған.
Адамдарды ардақ тұтып, аялап,
Тек жақсылық жасай беру – бар арман.
Ойнай бермей, ойлашы,
Ой түбіне бойлашы.
Менің жадым – сыр сандық,
Ақылымның қоймасы.
Бал, балақан, ойлашы,
Ой түбіне бойлашы.
Он екі мүшең түп-түгел
Тіршіліктің қоймасы:
Бір суретте бар адам –
Бір атадан тараған.
Байыппенен санашы:
Үш әке, үш баласы,
Аялайды анасы
Назгүл менен Гүлназды.
Анасының панасы,
Екеуі де шын назды.
Кісі сөзін кісіге
Таси көрме, қарағым.
Ізгі жанның ісі ме
Жігін ашу араның?
Қар жауып тұр, алақай!
Тысқа жүгір, балақай.
Шаңғың болса, алып шық,
Қыр басына барып шық.
Өзге оқушы ойланып,
Шығарғанда есепті,
Көшіреді ол жайланып
Күтіп жатпай кезекті.
Дүйсенбіде ойға қалдым,
Не істерімді ойлап алдым.
Сейсенбіде сайға бардым,
Шабындық жер сайлап алдым.
Албан биыл алтыда,
Қара әділ қалпына:
Ережені құптайды,
Алға адым шықпайды.
Талап деген өскелең,
Оны дәйім ескерем.
Сондықтан да сабақты
Оқимын тек «беске» мен.
Оқушы түк білмесе,
Болар еді кім десе?
Ондайды біз қашан да
Жатқызамыз нашарға.
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі