«Осыны мен неге жазбадым екен» дегізген жыр ұзақ жасайды. Ілмектер: әдебиет, жыр, афоризм, нақыл Мұзафар Әлімбаев Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
«Осыны мен неге жазбадым екен» дегізген жыр ұзақ жасайды.
Кімде-кім ана тілін, әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды. — Мұхтар Әуезов ана тілі, тіл
Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде - ұлт та ұлы бола алмайды. — Ғабит Мүсірепов әдебиет, өнер
Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды. — Мұхтар Әуезов адам, ана тілі
Ең әуелі ана тілі қажет. Егер ана тілін білмесең, онда сен ол ұлттың баласы емессің. Ана тілін білмей тұрып, ұлт білімін ала алмайсың. Ұлт білімі болмаса, онда әдебиеттің болмайтындығы өзі-ақ белгілі. Әдебиеті жоқ ұлттың, өнері де өршімейді. — Ғұмар Қараш әдебиет, ұлт
Жаманннан туған жақсы бар – адам айтса нанғысыз, Жақсыдан туған жаман бар – бір аяқ асқа алғысыз. — Шалкиіз Тіленшіұлы жақсы, жаман
Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі - көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды... — Жүсіпбек Аймауытұлы әдебиет, ұлт
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп… — Ахмет Байтұрсынұлы әдебиет, мiнез
Екі жинақ- “Қырық мысал”, “Маса”- қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектерімен байытты; Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды, бұдан кейін талантты ақындардың жаңа буыны тарам - тарам жүлгелерді тереңдетіп, жалғастырып әкететін болады. — Рымғали Нұрғалиев қырық мысал, қазақ әдебиет
Хабарлама
INFO
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі