Елің жүрсін есіңде - мал мен баққа есірме, Мал мен баққа есірсең - кез боларсың кесірге. Ілмектер: мал, кесір, бақ, нақыл Би-шешендер Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Елің жүрсін есіңде - мал мен баққа есірме, Мал мен баққа есірсең - кез боларсың кесірге.
Менің бұл алғашқы жазуым маған күрделі сөздері бар мақалдар тауып бере аласыздарма?
Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса, Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса. — Қорқыт ата ұл, мал
Құдайдан — қорық, пендеден — ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма! — Абай Құнанбайұлы құдай, қорқу
Атаның ұлы жақсыға — малыңды бер де, басың қос: бір күні болар керегі. — Шалкиіз Тіленшіұлы ата, ұл
Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз. — Абай Құнанбайұлы Қанағат, рақым
Таудан аққан тас бұлақ тасыса құяр теңізге, Қанша малы көп болсын, бай қуанар егізге. — Бұқар жырау тас, теңіз
Махаббат, достық, бауырмалдық - адамның ең бір асыл қасиеттері. — Ғабит Мүсірепов махаббат, достық
Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиналмас, Сұм нәпсiң үйiр болса,тез тыйылмас. Зиян шекпей қалмайсың ондай iстен, Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас. — Абай Құнанбайұлы ар, мал
Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек...Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі — қазақтың төресі сол. — Абай Құнанбайұлы еңбек, өнер
Хабарлама
INFO
Ақмарал
Менің бұл алғашқы жазуым маған күрделі сөздері бар мақалдар тауып бере аласыздарма?