Əр адамның өз ойы,пікірі болуы керек деп ойлайм. Неге десеңіз ойсыз, пікірсіз адам хайуанға есеп. Ілмектер: Өз ойы Бағлан Нұғманов Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Əр адамның өз ойы,пікірі болуы керек деп ойлайм. Неге десеңіз ойсыз, пікірсіз адам хайуанға есеп.
Заң және тәртіп. Ақтөбе қаласы Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназияның 8 класс оқушысы Асқарұлы Санжар 1) Заң мен тәртіп сақталу үшін не істеу керек? Қоғамда бейбіт өмір сүру үшін заң мен тәртіптің сақталуы аса маңызды. Заң адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттейтін басты құрал. Ал тәртіп - сол заңды орындау мәдениеті. Әр азамат заңды құрметтеп, тәртіпті ұстанса, қоғамда тыныштық пен әділдік орнайды. Заңды орындау қоғамның тұрақты дамуына жол ашады. Себебі әділеттік сақталған ортада адамдар сеніммен өмір сүреді, еңбек етеді. Қылмыс азайып, халықтың әл-ауқаты жақсарады. Мемлекеттің өркендеуі - әрбір азаматтың заңға деген жауапкершілігіне байланысты. Мен қоғамдық тәртіпті сақтауға өз үлесімді тәртіпті жүру, өзгелерге үлгі болу арқылы қоса аламын. Қоғамда кішкентай жақсылықтардан үлкен өзгерістер басталады. Заң мен тәртіпті сақтап, оны қадағалау тек полицияның ғана ісі емес, әр адамның борышы. Қорытындылай келе, заңды сақтау қоғам және адам үшін өте маңызды. Тек адамдарға айтарым: заң мен тәртіпті сақтап жүрейік! Егер де сақтамасақ, қоғамда күрделі мәселелер туындап, қауіп төнуі мүмкін. — Асқарұлы Санжар Өз ойыммен жазылған эссе
Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға. — Абай Құнанбайұлы бала, еңбек
Күнәдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар, Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар. Алам десең, алыңдар. Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар, Еркек тоқты құрбандық. Атам десең атыңдар — Қайрат Рысқұлбеков еркек, Қазақ
Ұстаз болу — жүректің батырлығы, Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы Ұстаз болу — мінездің күн шуағы Ұстаз болу — адамның асылдығы. — Ғафу Қайырбеков ұстаз, мұғалім
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті. — Ғабиден Мұстафин тіл, сөз
Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!.. — Қадыр Мырза Әли ана тіл, тіл
Алтын ұяң – Отан қымбат, Құт-берекең атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат. Мейірімді апаң қымбат. Асқар тауың әкең қымбат. Туып-өскен елің қымбат. Ұят пенен ар қымбат, Өзің сүйген жар қымбат. — Қазыбек Келдібекұлы отан, ұят
Қоғалы көлдер, қом сулар — қойысқа қонған өкінбес, Арыстандай екі бұтын алшайтып арғымақ мінген өкінбес. — Доспамбет Жырау өкіну
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі