Дүние алдамшы ол, сенбе оған. Кетеді алдап малғұндарды, оны қуған. Ілмектер: Алдамшы дүние Бағлан Нұғманов Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Дүние алдамшы ол, сенбе оған. Кетеді алдап малғұндарды, оны қуған.
Көбіміз жаман ойлауға әдеттеніп қалғанбыз және оны женбек тұрмақ қалай күресуді білмеуіміз мүмкін. Жаман ойдан қашу үшін неше түрлі амалдар жасаймыз. Бірақ ол амалдардың барлығы сыртпен байланысты болғандықтан олардың көмегі уақытша, тұрақты емес, алдамшы ғана. — Нарша Булгакбаев Нарша Булгакбаев, жаман
Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға. — Абай Құнанбайұлы бала, еңбек
Күнәдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар, Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар. Алам десең, алыңдар. Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар, Еркек тоқты құрбандық. Атам десең атыңдар — Қайрат Рысқұлбеков еркек, Қазақ
Әлеуметтік желілердегі "Кімдікі Дұрыс" ойынын ойнау адамдар арасындағы қарым-қатынасты өте төмен деңгейге түсіріп жатыр. — Нарша Булгакбаев Әлеуметтік желі, дұрыс
Ұстаз болу — жүректің батырлығы, Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы Ұстаз болу — мінездің күн шуағы Ұстаз болу — адамның асылдығы. — Ғафу Қайырбеков ұстаз, мұғалім
Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!.. — Қадыр Мырза Әли ана тіл, тіл
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті. — Ғабиден Мұстафин тіл, сөз
Алтын ұяң – Отан қымбат, Құт-берекең атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат. Мейірімді апаң қымбат. Асқар тауың әкең қымбат. Туып-өскен елің қымбат. Ұят пенен ар қымбат, Өзің сүйген жар қымбат. — Қазыбек Келдібекұлы отан, ұят
Хабарлама
INFO
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі