Бек қызыққа құмар болса, қалған елдің күні қараң. Ілмектер: құмар, қызық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ел, қараң Жүсіп Баласағұни Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Бек қызыққа құмар болса, қалған елдің күні қараң.
Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме, Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме. Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде, Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме. — Абай Құнанбайұлы қайғы, қызық
«Алтау ала болса — ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деп отыратын ынтымақ құмарды айт. — Ғабиден Мұстафин ынтымақ, құмар
Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып келеді. — Мұхтар Әуезов ән, күй
Жүректен қызық кеткенде, тәннен қуат кетеді. — Абай Құнанбайұлы жүрек, қызық
Ой кеселдері: уайымсыздық, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, қайғыға салыну, құмарға берілу. — Абай Құнанбайұлы Ой, кесел
Он бес жас — құйын қуған желмен тең, жиырма жас — дауыл ұрған көлмен тең, отыз бес — ағып жатқан селмен тең, қырық бес — аю аспас белмен тең, жетпіс бесте - өр көңілің жермен тең. Сексенде — селкілдеген шал боларсың, тоқсанда — сексенге де зар боларсың, жүзге келсең — дүние қызығынан күдеріңді үз: өлмей тірі жүргенге мәз боларсың. — Жиренше шешен жас, жастық шақ
Бизнес – үлкен құмарлықпен аз ғана ережеден тұратын, өте қызық ойын. — Билл Гейтс бизнес, құмарлық
Еркекті бұзатын екі құмарлық – арақ пен әйел. — Бауыржан Момышұлы еркек, әйел
Хабарлама
INFO
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі