Абайламай түстім тереңге, Енді маған сай қайда? Ілмектер: терең, сай, Абайла Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Абайламай түстім тереңге, Енді маған сай қайда?
Көшерімді жел білсін, Қонарымды сай білсін. жел, сай
Бай байға құяды, сай сайға құяды. бай, сай
Орманшы ағаш кесе алмас, ақ балтаны қайрамай. Жорыққа батыр аттанбас, жау жарағын сайламай. орман, ағаш
Сөз тумай сайран болмас, Сайран болмай айран болмас. сөз, сайран
Су сайды сағаласа, Соқыр соқырды жағалайды. су, сай
Бұлбұлдан опа күтпе, Әр гүл сайын әртүрлі сайрайды. бұлбұл, опа
Басты балта бұзар, Істі сайтан бұзар. бас, сайтан
Денсаулық туралы мақал-мəтелдер. 1.Шынықсаң шымыр боларсың. 2.Адамның басты байлығы денсаулық. 3.Дана көптен шығады, Дəрі шөптен шығады. 4.Бірінші байлық-денсаулық. 5.Ауырып ем іздегенге, Ауырмайтын жол ізде. 6.Ауру батпандап кіреді, Мысқылдап шығады. 7.Дерт көп, денсаулық біреу. 8.Демі бардың емі бар. 9.Ішің ауырса аузыңды тый, Көзің ауырса қолыңды тый. 10.Арақ ішіп, темекі шеккен, Денсаулықтың түбіне жетеді. шымыр, дəрі
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі