Ақылдымен отыру — ақымаққа жаза, Ақымақпен отыру — ақылдыға тозақтан жаман қаза. Ілмектер: ақылды, ақымақ, жаза, тозақ Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Ақылдымен отыру — ақымаққа жаза, Ақымақпен отыру — ақылдыға тозақтан жаман қаза.
Ақымақ ішкен-жегенін айтады, Ақылды көрген-білгенін айтады. ақылды, ақымақ
Ақылды мақтанса, істі тындырар, Ақылсыз мақтанса, аяғын сындырар. ақыл, ақылды
Санасызға сан айтсаң да болмайды. сана, ақымақ
Ақымаққа айтқан сөз Далаға атқан оқпен тең. сөз, ақымақ
Ымды білмеген, дымды білмейді. ақымақ, адалдық
Ақылды жігіт атқа да мінер, Таққа да мінер. ақылды, жігіт
Ақылды басшың болса, елдің алды боларсың, Ақылсыз басшың болса, елдің азы боларсың. ақылды, басшы
Ақылды арын қорғайды, Сараң малын қорғайды. ақыл, ақылды
Хабарлама
INFO
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі