Әмірдің алдында сөйлегеннен, тыңдаған жақсы. Ілмектер: әмір, тыңдау, сөйлеу Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Әмірдің алдында сөйлегеннен, тыңдаған жақсы.
Арғымақ аттың баласы Аз оттап көп жусайды. Асыл ердің баласы. Аз сөйлеп, көп тыңдайды. жан-жануар, төрт түлік мал
Бір құлағынан кіріп, екіншісінен шығып кетеді. тыңдау, құлақ
Тіл үйірер сөз болса, Тыңдаушы құлақ кез болар. араб мақалы, тіл
Арғымақ аттың белгісі — Аз оттар да, көп жусар. Жақсы адамның белгісі — Аз сөйлер де, көп тыңдар. арғымақ, ат
Денсаулық туралы мақал-мəтелдер. 1.Шынықсаң шымыр боларсың. 2.Адамның басты байлығы денсаулық. 3.Дана көптен шығады, Дəрі шөптен шығады. 4.Бірінші байлық-денсаулық. 5.Ауырып ем іздегенге, Ауырмайтын жол ізде. 6.Ауру батпандап кіреді, Мысқылдап шығады. 7.Дерт көп, денсаулық біреу. 8.Демі бардың емі бар. 9.Ішің ауырса аузыңды тый, Көзің ауырса қолыңды тый. 10.Арақ ішіп, темекі шеккен, Денсаулықтың түбіне жетеді. шымыр, дəрі
Жылқы атасы — Қамбар ата, Сиыр атасы — Зеңгі баба, Түйе атасы — Ойсыл қара, Қой атасы — Шопан ата, Ешкінің иесі — Сексек ата. жан-жануар, төрт түлік мал
Батыр туса — ел ырысы, Жаңбыр жауса — жер ырысы. батыр, ырыс
Жақсы болсаң, жердей бол, Бәрін шыдап, көтерген. Таза болсаң, судай бол, Бәрін жуып кетірген. жақсы, жаман
Хабарлама
INFO
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі