Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақал-мәтелдер (21) Ұлағатты сөздер (1)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"араб мақалы" тақырыбына байланысты Мақал-мәтелдер

"араб мақалы" тақырыбына байланысты мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "араб мақалы" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Тәтті сөз қатты таяқты қақ бөлер.

Ілмектер: араб мақалы, сөз
WhatsApp Telegram

Тыңдамаған бір сөзді
Түсіне алмас мың сөзді.

Ілмектер: араб мақалы, сөз
WhatsApp Telegram

Тіл үйірер сөз болса,
Тыңдаушы құлақ кез болар.

Ілмектер: араб мақалы, тіл, тыңдаушы
WhatsApp Telegram

Қымбат сөз қысқа қайырылар.

Ілмектер: араб мақалы, сөз
WhatsApp Telegram

Сөздің тілінен істің тілі шешенірек.

Ілмектер: араб мақалы, сөз, тіл, шешендік
WhatsApp Telegram

Ұнамсыз сөзді жаратпасаң, өзің де айтпа.

Ілмектер: араб мақалы, сөз
WhatsApp Telegram

Сүйексіз тіл сүйекті де сындырар.

Ілмектер: тіл, сөз, араб мақалы
WhatsApp Telegram

Жұмыртқаны жегенің
Тауықты құрттым дегенің.

Ілмектер: жұмыртқа, тауық, араб мақалы
WhatsApp Telegram

Таң атса шам жайына қалады.

Ілмектер: таң, шам, араб мақалы
WhatsApp Telegram

Кеменің әуеніне қарай жел еспейді.

Ілмектер: Кеме, жел, әуен, араб мақалы
WhatsApp Telegram

Ақылды ісіне сенеді,
Ақымақ түсіне сенеді.

Ілмектер: ақыл, ақымақ, түс, іс, араб мақалы
WhatsApp Telegram

Жасыңда алған білімің,
Тасқа басқан таңбадай.

Ілмектер: білім, тас, Араб мақал-мәтелдері, араб мақалы
WhatsApp Telegram

Сапарға шықпас бұрын,
Серігіңді сайла;
Үй салмас бұрын,
Көршіңді ойла.

Ілмектер: сапар, серік, үй, көрші, араб мақалы, араб елінің мақалдары
WhatsApp Telegram

Жақыптың өлген ұлына,
Қасқырды тартпа құнына.

Ілмектер: ұл, қасқыр, құн, араб мақалы
WhatsApp Telegram

Көлемі шамалы-ақ,
Ал нарқы ғаламат.

Ілмектер: көлем, нарқы, араб мақалы
WhatsApp Telegram

Тіссіз иекке быламық та тиек.

Ілмектер: тіс, иек, быламық, араб мақалы
WhatsApp Telegram

Сен маған дабыл боп ұрынсаң да,
Мен сені сырнай боп сергітем.

Ілмектер: дабыл, сырнай, сергіту, араб мақалы
WhatsApp Telegram

Өмір соңы - өлім.

Ілмектер: өмір, өлім, араб мақалы
WhatsApp Telegram

Кешіру – айыпты өшіру.

Ілмектер: кешіру, кешірім, айып, араб мақалы
WhatsApp Telegram

Әр құжыраның өз шырағы бар.

Ілмектер: шырақ, араб мақалы
WhatsApp Telegram