Бiр проблеманың шешiмiнен екiншi проблема туындайды. Ілмектер: проблема, шешім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Иоганн Вольфганг фон Гёте Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Бiр проблеманың шешiмiнен екiншi проблема туындайды.
Кейде, сенің артыңнан кім ілесетінін көру үшін алға шығуың керек. Кейде, сені кім тыңдайтынын байқау үшін дауысыңды бәсеңдетіп сөйлеуің керек. Кейде бәрі астан-кестен болып жатқанда сенімен кімнің қалатынын білу үшін, қате шешім қабылдауың керек. — Пауло Коэльо сенім, дауыс
Құндылықтарыңның не екенін білгенде шешім жасау қиын емес. — Рой Дисней құндылық, шешім
Проблемалар сені депрессияға емес, әрекет етуге итермелеуі керек. — Бернард Шоу проблема, депрессия
Ұлы шешімнің бастамасы өзіңізге деген сенімділікте жатыр. — Сэмюэл Джонсон шешім, бастама
Егер алдыңызда тұрған мәселе шешілетін болса, сары уайымға салынудың қажеті жоқ. Егер шешілмейтін мәселе болса, ол үшін қайғырудың мән-мағынасы жоқ. — Далай-Лама уайым, мәселе
Жалпы эмоциялар белгілі бір оқиға мен жағдайға байланысты емес, оны қалай қабылдайтынымыздан туындайды. Оқиға немесе жағдай — бейтарап. Ол өздігінен ешқандай мағына да, ешқандай сезім де тудырмайды. Мағына мен эмоция — біздің ішкі интерпретациямыздың жемісі. Бір жағдай — бір адамды күйзелтсе, екінші адамды жігерлендіруі мүмкін. Бұл айырмашылық — шындықта емес, қабылдауда. Біздің білетініміздей, эмоциялар — адамның ойлауын, әрекетін, әдетін тіпті тағдырын басқаруы мүмкін. Эмоцияны дұрыс түсінбеген жан — өзіне де, өзгеге де зиян келтіруі мүмкін. Кейде өкініш — өмір бойғы ренішке, кейде қорқыныш — үлкен мүмкіндік алдындағы тосқауылға, ал кейде — сол сәттегі эмоция шешуші таңдауымызды бұрмалап жібереді. Сондықтан әр эмоцияны бақылау — өзіңді тану мен жетілдірудің кілті. Оқиға емес — сенің оған деген көзқарасың маңызды. Әлем емес — сенің оған деген сенімің шешуші. Сыртқы жағдай емес — ішкі күйің өміріңнің бағытын анықтаушы. Көңілдің тазалығы — бет-бейненің нұрлануы. Жүректің тыныштығы — ақиқатпен үйлесімділігі. — Нарша Булгакбаев эмоция, оқиға
Ақыр соңында, шешімді бәрібір ересектер қабылдайды, жастар емес. Алайда сол жастар ертеңгі күні ересекке айналып, оларға да шешім шығаратын күн туады да, олар әлгі шешімдерге назар аударады. Міне сол кезде олар алдыңғы ересек ұрпақты дұрыс шешім қабылдағаны үшін мақтан тұтатындай болуы тиіс. — Ли Куан Ю шешім, жастар
Әйелдер әрдайым ер азаматтарынан адалдықты күтеді. Жылағанда жұбанышы, құлағанда қуанышы болғанды қалайды. Қандай да болмасын шешімді бірге қабылдағысы келеді. — Агата Кристи әйел, ер
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі