Кез келген жоғалту — тауып алу. Кез келген тауып алу — жоғалту. Ілмектер: жоғалту, тауып алу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жалаладдин Руми Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Кез келген жоғалту — тауып алу. Кез келген тауып алу — жоғалту.
Нығметтің қадірі жоғалғанда білінеді. — Әбу Райхан Беруний нығмет, қадір
Бiз ақша салынған әмиянды жоғалтсақ қайғыра бастаймыз, ал басымызға келген, естiген немесе оқыған, егер бiз оны еске сақтап, өмiрде қолдансақ, көп жақсылық әкелетiн ғажап ойды жоғалтып алсақ немесе ұмытсақ, оның миллиондардан да қымбат екенiн бiле тұра онша қынжыла қоймаймыз. — Лев Толстой ақша, әмиян
Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға. — Абай Құнанбайұлы бала, еңбек
Күнәдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар, Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар. Алам десең, алыңдар. Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар, Еркек тоқты құрбандық. Атам десең атыңдар — Қайрат Рысқұлбеков еркек, Қазақ
Ұстаз болу — жүректің батырлығы, Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы Ұстаз болу — мінездің күн шуағы Ұстаз болу — адамның асылдығы. — Ғафу Қайырбеков ұстаз, мұғалім
Әлеуметтік желілердегі "Кімдікі Дұрыс" ойынын ойнау адамдар арасындағы қарым-қатынасты өте төмен деңгейге түсіріп жатыр. — Нарша Булгакбаев Әлеуметтік желі, дұрыс
Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!.. — Қадыр Мырза Әли ана тіл, тіл
Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз – адамның ең жоғары қасиеті. — Ғабиден Мұстафин тіл, сөз
Хабарлама
INFO
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі