Шала қазақ қанды ішіп біттіңдер, Тым еркінсіп, тіл түбіне жеттіңдер. Орысша сөйлеп, қағынардай соншалық- Орыстардан қандай құрмет күттіңдер. Ілмектер: әділдік туралы нақыл сөздер Айжан Жарасбекова Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Шала қазақ қанды ішіп біттіңдер, Тым еркінсіп, тіл түбіне жеттіңдер. Орысша сөйлеп, қағынардай соншалық- Орыстардан қандай құрмет күттіңдер.
Жамағаттың жақсыға құрметі жоқ, Кішілердің үлкенге ізеті жоқ, Патшалардың әділдік міндеті жоқ, Бұл не деген заман болды, достар?! — Қожа Ахмет Йассауи үлкен, құрмет
Әділдік жалғыздыққа душар етуі мүмкін. — Марк Твен әділдік, әділдік туралы нақыл сөздер
Биді кім болса содан қорықпайтындай, біреудің бетінің қызылына немесе біреудің жақсы жағасына қарамайтындай жағдайға қою шарт. — Әлихан Бөкейханов әділдік, әділдік туралы нақыл сөздер
Жақсылықты – алғыс дәметпей жасасаңыз, ешкімнен ешқашан көңіліңіз қалмайды. Алтынай Алиева. #жүректегіжазбалар нақыл, шындық туралы нақыл сөздер
Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға. — Абай Құнанбайұлы бала, еңбек
Күнәдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар, Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар. Алам десең, алыңдар. Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар, Еркек тоқты құрбандық. Атам десең атыңдар — Қайрат Рысқұлбеков еркек, Қазақ
Әлеуметтік желілердегі "Кімдікі Дұрыс" ойынын ойнау адамдар арасындағы қарым-қатынасты өте төмен деңгейге түсіріп жатыр. — Нарша Булгакбаев Әлеуметтік желі, дұрыс
Ұстаз болу — жүректің батырлығы, Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы Ұстаз болу — мінездің күн шуағы Ұстаз болу — адамның асылдығы. — Ғафу Қайырбеков ұстаз, мұғалім
Хабарлама
INFO
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі