Рақаттың тазасы — Алланың заңдарында, ал күші олардың — махаббатпен бекітілген. Ілмектер: рақат, тазалық, Алла, Заң, күш, махаббат Нарша Булгакбаев Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Рақаттың тазасы — Алланың заңдарында, ал күші олардың — махаббатпен бекітілген.
Суытпа босқа түсіңді Қайрама онша тісіңді. Сырт тазасы не керек, Тазарт әуел ішіңді. — Үмбетей Жырау тазалық, нақыл
Жалпы эмоциялар белгілі бір оқиға мен жағдайға байланысты емес, оны қалай қабылдайтынымыздан туындайды. Оқиға немесе жағдай — бейтарап. Ол өздігінен ешқандай мағына да, ешқандай сезім де тудырмайды. Мағына мен эмоция — біздің ішкі интерпретациямыздың жемісі. Бір жағдай — бір адамды күйзелтсе, екінші адамды жігерлендіруі мүмкін. Бұл айырмашылық — шындықта емес, қабылдауда. Біздің білетініміздей, эмоциялар — адамның ойлауын, әрекетін, әдетін тіпті тағдырын басқаруы мүмкін. Эмоцияны дұрыс түсінбеген жан — өзіне де, өзгеге де зиян келтіруі мүмкін. Кейде өкініш — өмір бойғы ренішке, кейде қорқыныш — үлкен мүмкіндік алдындағы тосқауылға, ал кейде — сол сәттегі эмоция шешуші таңдауымызды бұрмалап жібереді. Сондықтан әр эмоцияны бақылау — өзіңді тану мен жетілдірудің кілті. Оқиға емес — сенің оған деген көзқарасың маңызды. Әлем емес — сенің оған деген сенімің шешуші. Сыртқы жағдай емес — ішкі күйің өміріңнің бағытын анықтаушы. Көңілдің тазалығы — бет-бейненің нұрлануы. Жүректің тыныштығы — ақиқатпен үйлесімділігі. — Нарша Булгакбаев эмоция, оқиға
Бір түп раушан өсіріп, алғашқы гүлдің қуанышына бөленудің, гүлді адамға беріп, сол сәттен толғанысты бастан кешудің, жаңа адамды тәрбиелеудегі маңызы, егістік жерді жыртумен, астық өсірумен, ащы тер мен алақандағы күсті және еңбек рақатын танумен бірдей. — Василий Сухомлинский раушан, гүл
Тән үшін сүрген өмір азап шектіреді. Рух үшін сүрген өмір ғана рақатқа жеткізеді. — Лев Толстой тән, рух
Бойыңды қалай таза ұстасаң, Жүректі солай таза ұстау керек. — Али Динабеков нақыл сөз, дана сөз
Көңіл тазалығы мен адалдық — нағыз мәдениетті жанға тән қасиет. — Ханбибі Есенқарақызы Көңіл, тазалық
Рақат іздесең — бейнетінен қорықпа, Қуаныш іздесең — қайғысынан қашпа. — Жүсіп Баласағұни Қуаныш, Рақат
Жайбарақат жату — адамды қарусыздандырудың ең төте жолы. — Элиас Канетти жайбарақат, адам
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі