Өтірік — зиян, кесір. Ілмектер: зиян, кесір, Өтірік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Өтірік — зиян, кесір.
Ең зиянды адам - мінезі тайғақ, екі сөйлейтін адам. Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек - осы төртеуі кімнің бойында болса - сол шын адам болады. — Шәкәрім Құдайбердіұлы зиян, мінез
Жас адамға басты кесір– еріншектік, ортаншы кесір – ұйқышылдық, кенже кесір –тілазарлық, кежірлік — Төле би Әлібекұлы еріншектік, ұйқышылдық
Кесірлі адам кер болады, Кемеңгер адам кең болады. — Кенен Әзірбаев кесір, адам
Елің жүрсін есіңде - мал мен баққа есірме, Мал мен баққа есірсең - кез боларсың кесірге. — Би-шешендер мал, кесір
Әділдіктің екі қайнар көзі бар: ешкімге зиян шектірмеу және қоғамға пайда келтіру. — Цицерон әділдік, зиян
Адам жанының, өмірдің мәңгілік екенін білетін шығарсыз, білуіңіз керек, себебі бұл өте маңызды, сонда адам жаны өлімнен қорықпайтын болады, күйзеліске ұшырамайды. Сондықтан Құран әрдайым өлімді еске алуға кеңес береді. Ертең өлетіндей өмір сүрсеңіз, мәңгілік өлмейтініңізге сеніңіз. Дегенмен тән – табиғат заңдылығына сәйкес өлімнен әрдайым қорқады. Қорықпаймын деу екіжүзділіктің белгісі. Адам өлімнің мәнін және одан шын қорықпауды – Алланы, қиямет күнін, қайта тірілуді, күннің астында ұзақ жылдар тұруды, қорқынышты сотты, қыл көпірді және ақыретті (жаннат пен тозақ) жиі еске алу арқылы үйренеді және бұл әсіресе намаз оқу процесінде орын алуы керек. Пайдалы болсын, зиянды болсын белгілі бір сенімге негізделген сөздерді қайта-қайта еске алу немесе басқа адамның есіне салу бұл сіздің болашағыңызды қалыптастыратын тағдыр және басқалардың жан дүниесіне әсер қалдыратын із. — Нарша Булгакбаев Нарша Булгакбаев, құран
Артық ішкен ас - зиян. — Саиф Сараи ас, зиян
Жалпы эмоциялар белгілі бір оқиға мен жағдайға байланысты емес, оны қалай қабылдайтынымыздан туындайды. Оқиға немесе жағдай — бейтарап. Ол өздігінен ешқандай мағына да, ешқандай сезім де тудырмайды. Мағына мен эмоция — біздің ішкі интерпретациямыздың жемісі. Бір жағдай — бір адамды күйзелтсе, екінші адамды жігерлендіруі мүмкін. Бұл айырмашылық — шындықта емес, қабылдауда. Біздің білетініміздей, эмоциялар — адамның ойлауын, әрекетін, әдетін тіпті тағдырын басқаруы мүмкін. Эмоцияны дұрыс түсінбеген жан — өзіне де, өзгеге де зиян келтіруі мүмкін. Кейде өкініш — өмір бойғы ренішке, кейде қорқыныш — үлкен мүмкіндік алдындағы тосқауылға, ал кейде — сол сәттегі эмоция шешуші таңдауымызды бұрмалап жібереді. Сондықтан әр эмоцияны бақылау — өзіңді тану мен жетілдірудің кілті. Оқиға емес — сенің оған деген көзқарасың маңызды. Әлем емес — сенің оған деген сенімің шешуші. Сыртқы жағдай емес — ішкі күйің өміріңнің бағытын анықтаушы. Көңілдің тазалығы — бет-бейненің нұрлануы. Жүректің тыныштығы — ақиқатпен үйлесімділігі. — Нарша Булгакбаев эмоция, оқиға
Хабарлама
INFO
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі