«Құрмет көргің келсе – алдымен өзің құрметте.» Ілмектер: құрмет Тлеуғабыл Шырайлым Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
«Құрмет көргің келсе – алдымен өзің құрметте.»
Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!.. — Қадыр Мырза Әли ана тіл, тіл
Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс. — Бауыржан Момышұлы азамат, ұлт
Жамағаттың жақсыға құрметі жоқ, Кішілердің үлкенге ізеті жоқ, Патшалардың әділдік міндеті жоқ, Бұл не деген заман болды, достар?! — Қожа Ахмет Йассауи үлкен, құрмет
Адамның бойындағы құрметтеуге тұратын ең ұлы қасиет - өз Отанына деген махаббат. — Иоганн Вольфганг фон Гёте адам, қасиет
Құрмет құрметті адамға ғана жарасады. — Ғабит Мүсірепов құрмет, адам
Ел билеушiлердiң ең негiзгi мiндетi — халқына адал қызмет ету, соларды бақытқа жеткiзудi ойлау, сөйткенде ғана басшы жұрттан сүйiспеншiлiк, қадiр-құрмет күте алады. — Жүсіп Баласағұни Ел, билеушi
Тәртіп — әскердің жаны. Аз әскерді үлкен күшке айналдырады, әлсізге сәттілік пен құрмет әкеледі. — Джордж Вашингтон Құрмет, Әскер
Қартайсаң да қарт бабаңды сыйлай біл, Күндердің күні болғанда Кімдер де кімнің дейсің белі бүгілмес. — Бұқар жырау қарттық, сыйлау
Хабарлама
INFO
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі