Татулыққа не жетсін?! Тәуекелден не кетсін?! Ілмектер: татулық, тәуекел Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Татулыққа не жетсін?! Тәуекелден не кетсін?!
Татулық - табылмас бақыт. татулық, бақыт
Ынтымақ - оқ өтпес сауыт, Татулық - тамаша сауық. ынтымақ, сауыт
Ынтымақ - ой өтпес сауыт, Татулық - тамаша сауық. ынтымақ, татулық
Уайым түбі теңіз, Батасың да кетесің. Тәуекел түбі қайық, Мінесің де өтесің. уайым, тәуекел
Жартыны жарып жеген Татулықтың белгісі. адалдық, адамгершілік
Мір тәуекел бұзады, Мың қайғының қаласын; Бір жылы сөз бітірер Мың көңілдің жарасын. тәуекел, көңіл
Тату үйдің тамағы тәтті. тамақ, татулық
Нар тәуекел — ер ісі. тәуекел, ер
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі