Ер көтерер өлімді, Дос көтерер көңілді. Ілмектер: ер, дос Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Ер көтерер өлімді, Дос көтерер көңілді.
баскасы жокпа
Денсаулық туралы мақал-мəтелдер. 1.Шынықсаң шымыр боларсың. 2.Адамның басты байлығы денсаулық. 3.Дана көптен шығады, Дəрі шөптен шығады. 4.Бірінші байлық-денсаулық. 5.Ауырып ем іздегенге, Ауырмайтын жол ізде. 6.Ауру батпандап кіреді, Мысқылдап шығады. 7.Дерт көп, денсаулық біреу. 8.Демі бардың емі бар. 9.Ішің ауырса аузыңды тый, Көзің ауырса қолыңды тый. 10.Арақ ішіп, темекі шеккен, Денсаулықтың түбіне жетеді. шымыр, дəрі
Жылқы атасы — Қамбар ата, Сиыр атасы — Зеңгі баба, Түйе атасы — Ойсыл қара, Қой атасы — Шопан ата, Ешкінің иесі — Сексек ата. жан-жануар, төрт түлік мал
Батыр туса — ел ырысы, Жаңбыр жауса — жер ырысы. батыр, ырыс
Бірінші байлық — денсаулық, Екінші байлық — ақ жаулық, Үшінші байлық — он саулық. денсаулық, сергектік
Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды. дос, ақыл
Жақсы әйел - жаман еркектің басын төрге сүйрейді, жаман әйел жақсы еркектің басын көрге сүйрейді. әйел, ерлі-зайыптылар
Жақсымен жолдас болсаң, Жетерсің мұратқа. Жаманмен жолдас болсаң, Қаларсың ұятқа. достық, қазақ мақалы
Ағаш тамырымен, Адам досымен мықты. достық
таңатар самал
баскасы жокпа