Қайыр қылсаң, бүтін қыл. Ілмектер: қайыр Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Қайыр қылсаң, бүтін қыл.
Қайырсыз адам — сараң, Құм ішінде шөлмен тең. Қайыры мол адам — Суаты шалқар көлмен тең. адам, қайырлы
Қайырсыз пайдадан, қайырлы залал артық. қайыр, пайда
Қайраны жоқ көлден без, Қайырымы жоқ ерден без. қайырым, көл
Қайырымсыз болса ханнан без, Өткелсіз болса судан без, Асусыз болса таудан без, Пайдасыз болса байдан без, Панасыз болса сайдан без. қайыр, су
Қайырсыз байдан қайнатқан су артық. бай, қайырсыз
Арамды құдай табады, Момынды қайыр табады. арам, момын
Хан азарында қарашысымен қас болады, Би азарында қайырымы жоқ баймен дос болады. хан, дос
Байлықтың не керегі, қайыры болмаса, Биліктің не керегі, әділдігі болмаса. байлық, қайыр
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі