Қай жерің ауырса, Жаның сол жеріңде. Ілмектер: ауру, жан, денсаулық Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Қай жерің ауырса, Жаның сол жеріңде.
Денсаулық туралы мақал-мəтелдер. 1.Шынықсаң шымыр боларсың. 2.Адамның басты байлығы денсаулық. 3.Дана көптен шығады, Дəрі шөптен шығады. 4.Бірінші байлық-денсаулық. 5.Ауырып ем іздегенге, Ауырмайтын жол ізде. 6.Ауру батпандап кіреді, Мысқылдап шығады. 7.Дерт көп, денсаулық біреу. 8.Демі бардың емі бар. 9.Ішің ауырса аузыңды тый, Көзің ауырса қолыңды тый. 10.Арақ ішіп, темекі шеккен, Денсаулықтың түбіне жетеді. шымыр, дəрі
Жылқы атасы — Қамбар ата, Сиыр атасы — Зеңгі баба, Түйе атасы — Ойсыл қара, Қой атасы — Шопан ата, Ешкінің иесі — Сексек ата. жан-жануар, төрт түлік мал
Жаман атқа жал бітсе, Жанына торсық байлатпас. Жаман адамға мал бітсе, Жанына қоңсы қондырмас. жан-жануар, төрт түлік мал
Айдағаның бес ешкі, Ысқырығың жер жарады. жан-жануар, төрт түлік мал
Маң-маң басқан, маң басқан, Шудаларын шаң басқан, Төрт аяғын тең басқан — Түйе деген жануар. жан-жануар, төрт түлік мал
Інісі бардың тынысы бар, Ағасы бардың жағасы бар. іні, аға
Жалғыз баласы бардың Шығар-шықпас жаны бар. Екі баласы бардың, Өкпе, бауыр, жалы бар. Үш баласы бардың Бұқарада пұлы бар. бала, жалғыз
Сиыр сипағанды білмейді, Жаман сыйлағанды білмейді. жан-жануар, төрт түлік мал
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі