Байдың мал азығы, Бала атаның қазығы. Ілмектер: бай, мал, бала, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Байдың мал азығы, Бала атаның қазығы.
Жылқы атасы — Қамбар ата, Сиыр атасы — Зеңгі баба, Түйе атасы — Ойсыл қара, Қой атасы — Шопан ата, Ешкінің иесі — Сексек ата. жан-жануар, төрт түлік мал
Жаман атқа жал бітсе, Жанына торсық байлатпас. Жаман адамға мал бітсе, Жанына қоңсы қондырмас. жан-жануар, төрт түлік мал
Айдағаның бес ешкі, Ысқырығың жер жарады. жан-жануар, төрт түлік мал
Маң-маң басқан, маң басқан, Шудаларын шаң басқан, Төрт аяғын тең басқан — Түйе деген жануар. жан-жануар, төрт түлік мал
Орта жүзді қамшы беріп дауға қой, Ұлы жүзді қауға беріп малға қой, Кіші жүзді найза беріп жауға қой. жүз, орта жүз
Атың барда – жер таны желіп жүріп, Асың барда – ел таны беріп жүріп. ас, төрт түлік мал
Атадан жақсы ұл туса, Елінің қамын жейді; Атадан жаман ұл туса, Елінің малын жейді. ата, ұл
Бай мен бай құда болса, жорға жүрер, Жарлы мен жарлы құда болса, дорба жүрер, Бай мен кедей құда болса, зорға жүрер. бай, құда
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі