Ақылы асқан жақсыны «алысым» деп ойлама, Ақылы жоқ жаманды «жақыным» деп ойлама. Бір сынаған жаманды екінші қайтып қинама, Ашуланса, мерт қылар, жолбарыспен ойнама. Ілмектер: ақыл, жақсы, сыйлау, жаман, ашу, жолбарыс Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Ақылы асқан жақсыны «алысым» деп ойлама, Ақылы жоқ жаманды «жақыным» деп ойлама. Бір сынаған жаманды екінші қайтып қинама, Ашуланса, мерт қылар, жолбарыспен ойнама.
Жақсы болсаң, жердей бол, Бәрін шыдап, көтерген. Таза болсаң, судай бол, Бәрін жуып кетірген. жақсы, жаман
Досы көпті жау алмайды, Ақылы көпті дау алмайды. дос, ақыл
Білімдіден ақыл шығар. Ақылды қарттан нақыл шығар. ақыл, білім
Жаман сөз — Жанға кірген тікен, Жақсы сөз — Таптырмайтын ем. жама, жақсы
Жақсы әйел - жаман еркектің басын төрге сүйрейді, жаман әйел жақсы еркектің басын көрге сүйрейді. әйел, ерлі-зайыптылар
Жақсының жақсылығын айт, Мейірі тассын, Жаманның жамандығын айт, Құты қашсын. жақсы, жаман
Жақсыдан жаман туады, Бір аяқ асқа алғысыз; Жаманнан жақсы туады, Адам айтса нанғысыз. жақсы жаман
Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді, Бір жақсы мың қолды ерітеді. жақсы
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі