Төске айылдың батқанын Иесі білмес, аты білер; Ер жігіттің қадірін Ағайын білмес, жат білер. Ілмектер: ағайын, ер, жігіт, қадір Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Төске айылдың батқанын Иесі білмес, аты білер; Ер жігіттің қадірін Ағайын білмес, жат білер.
Денсаулық туралы мақал-мəтелдер. 1.Шынықсаң шымыр боларсың. 2.Адамның басты байлығы денсаулық. 3.Дана көптен шығады, Дəрі шөптен шығады. 4.Бірінші байлық-денсаулық. 5.Ауырып ем іздегенге, Ауырмайтын жол ізде. 6.Ауру батпандап кіреді, Мысқылдап шығады. 7.Дерт көп, денсаулық біреу. 8.Демі бардың емі бар. 9.Ішің ауырса аузыңды тый, Көзің ауырса қолыңды тый. 10.Арақ ішіп, темекі шеккен, Денсаулықтың түбіне жетеді. шымыр, дəрі
Жылқы атасы — Қамбар ата, Сиыр атасы — Зеңгі баба, Түйе атасы — Ойсыл қара, Қой атасы — Шопан ата, Ешкінің иесі — Сексек ата. жан-жануар, төрт түлік мал
Батыр туса — ел ырысы, Жаңбыр жауса — жер ырысы. батыр, ырыс
Бірінші байлық — денсаулық, Екінші байлық — ақ жаулық, Үшінші байлық — он саулық. денсаулық, сергектік
Жақсы әйел - жаман еркектің басын төрге сүйрейді, жаман әйел жақсы еркектің басын көрге сүйрейді. әйел, ерлі-зайыптылар
Ағайын тату болса – ат көп, Абысын тату болса – ас көп. ағайын, ынтымақ
Ата-ананың қадірін Балалы болғанда білерсің; Ағайынның қадірін Жалалы болғанда білерсің. ата-ана, бала
Шешеннің сөзі — ортақ Шебердің бөзі — ортақ. шешен, шебер
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі