Мақал-мәтелдер жинағы – 69-бет

Мұздан су ғана тамар.

Ілмектер: мұз, су
WhatsApp Telegram

Қорада бұзау туса,
Далада шөбі өседі.

Ілмектер: қора, бұзау, шөп
WhatsApp Telegram

Сүйекті адам сүміреймейді.

Ілмектер: адам, сүйек
WhatsApp Telegram

Терісін сыдырған соң
Пышағыңды сындырма.

Ілмектер: тері, пышақ
WhatsApp Telegram

Бос нәрсеге ие жоқ.

Ілмектер: бос, ие
WhatsApp Telegram

Лақта жілік жоқ,
Балада білек жоқ.

Ілмектер: лақ, бала
WhatsApp Telegram

Бойдақтың бешпетіне де елу кез сөз емес.

Ілмектер: бойдақ
WhatsApp Telegram

Адамда да ала-құлалық болады.

Ілмектер: адам
WhatsApp Telegram

Билей білмейтін кемпір,
Бұрылуға жер тар дейді.

Ілмектер: би, кемпір
WhatsApp Telegram

Ағаш екпей жеміс бермес,
Іс бітпей жеңіс келмес.

Ілмектер: ағаш, жеміс, іс, жеңіс
WhatsApp Telegram

Адам тәнінің сұлулығы саулығында.

Ілмектер: тән, денсаулық, сұлулық
WhatsApp Telegram

Бидай арқасында қарамық та су ішеді.

Ілмектер: бидай, су
WhatsApp Telegram

Арқасыз ат қыр аса алмайды,
Арқасыз ер бір баса алмайды.

Ілмектер: ер, ат
WhatsApp Telegram

Епті сөзімен тәтті дастарқаннан дәм татады.

Ілмектер: ептілік, сөз, дастархан
WhatsApp Telegram

Бес саусақ бірдей емес.

Ілмектер: саусақ
WhatsApp Telegram

Аңшы тұтудың қанша амалын білсе,
Аю құтылудың сонша айласын жасайды.

Ілмектер: аңшы, аю, амал
WhatsApp Telegram

Құдықтағы су да құлға жоқ.

Ілмектер: су, құдық, құл
WhatsApp Telegram

Айқай шықса – қиналады.
Аттан шықса – жиналады.

Ілмектер: айқай, қиналу
WhatsApp Telegram

Баланың ісі сеп болмайды,
Ешкінің мүйізі сап болмайды.

Ілмектер: бала, іс, ешкі, мүйіз
WhatsApp Telegram

Тіл байлығыңды –
Тіс те шеше алмайды.

Ілмектер: тіл, тіс
WhatsApp Telegram

Бақытсыз бейбақ құдыққа құласа,
Үстінен құм жауар.

Ілмектер: бақытсыз, құдық
WhatsApp Telegram

Тәтті сөзге алданған
Жақсы жұмысын ақсатар.

Ілмектер: сөз, алдану, жұмыс
WhatsApp Telegram

Диірменді тиянақты жерге орнатпаса,
Тұтқиылдан жар пайда болады.

Ілмектер: диірмен, жар
WhatsApp Telegram

Көкке қарап түкірме, көзіңе түсер көбігі.

Ілмектер: көк, көз
WhatsApp Telegram

Суды көрмей етігіңді шешпе.

Ілмектер: су, етік
WhatsApp Telegram

Алыптармен алыспа,
Бектерменен таласпа.

Ілмектер: алып, бек, талас
WhatsApp Telegram

Күйеуге асыққан әйел байға жарымас,
Күйгелек еркек үйге жарымас.

Ілмектер: күйеу, асығу, әйел, үй
WhatsApp Telegram

Күз әуені жаздан белгілі.

Ілмектер: күз, жаз, әуен
WhatsApp Telegram

Бір түлкінің терісін екі рет сыдырмайды.

Ілмектер: түлкі, тері
WhatsApp Telegram

Өгіздің аяғы болғанша,
Бұзаудың басы бол.

Ілмектер: өгіз, бұзау, бас, аяқ
WhatsApp Telegram