Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Егер еңбекті таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз.

Ілмектер: еңбек, өмір, бақыт Константин Ушинский

Өз білімін өмірдің, өндірістің тәжірбиелерімен нығайтып, байытып отыратын, тапқан ілімін үлкенді-кішілі ашқан жаңалығын халықтың қажетіне беріп отыратын ғылым ғана өз дәрежесінде заман талабының өресінде болады.

Ілмектер: білім, ғылым, заман Қаныш Сәтбаев

Бос ыдыстың түбі мықты болмас.

Ілмектер: жалғыздық Қорқыт ата

Қымыз дәуірі - серілер дәуірі.

Ілмектер: қымыз, сері, дәуір Қадыр Мырза Әли

Көрер көзге бола жасалған қарапайымдылық — барып тұрған екіжүзділік.

Ілмектер: қарапайымдылық, екіжүзділік Франсуа де Ларошфуко

Егер кеме қай портқа барарын білмесе, оған ешбір жел қуалап соқпайды.

Ілмектер: кеме, жел, мақсат Сенека

Әкенің тәрбиесі мен ағаның қолдауының орынын ештеңе баса алмайды.
Ананың махаббаты мен әпкенің қамқорлығын ешкім бере алмайды.
Отбасы - адамға берілген ең үлкен сыйлық, ең шынайы көмек.

Ілмектер: отбасы туралы Гурленбаева Ж.

Қызы анадан үйренбей өнеге алмас,
Ұл атадан үйренбей сапар шекпес.

Ілмектер: тәрбие, ұл, қыз, ата, ана, өнеге Қорқыт ата

Оқу — бұл әлі ештеңені мандытпайды, нені оқу керек және оқығанда көңілге қалай тоқу керек — ең үлкен, ең үлкен шаруа, міне, осында.

Ілмектер: оқу Константин Ушинский

Дүмшелер өздерінің ақылы жетпеген нәрсенің бәрін жамандайды.

Ілмектер: ақыл, жамандау Франсуа де Ларошфуко

Нағыз жазушы шындап келгенде ешкімге қызмет етпейді.

Ілмектер: жазушы Қадыр Мырза Әли

Елестете алғанның бәрі рас.

Ілмектер: елестету Пабло Пикассо

Адам бойындағы әсемдік пен сұлулықты, организм мен денсаулықты ұштастыра дамыту жөніндегі түсініктен бөліп қарау ақылға сыймайды.

Ілмектер: адам, денсаулық, сұлулық, әсемдік Николай Чернышевский

Адам үшін ең алтын қазына — еңбек ете білу.

Ілмектер: адам, еңбек, қазына Эзоп

Батыр да бір оқтық, ақын да бір оқтық!

Ілмектер: батыр, ақын Қадыр Мырза Әли

Ойдың алғырлығы, қайраттың іскерлігі бәрінен де мәндірек.

Ілмектер: ой, алғырлық, қайрат Николай Чернышевский

Бәлеқорды байытпа, тәкаппарды өсірме.

Ілмектер: бәлеқор, тәкаппар Жүсіп Баласағұни

Қызықшыл дырду өмір — күні бұрын жеткен кәрілік.

Ілмектер: өмір, кәрілік Иоганн Вольфганг фон Гёте

Қызғаншақтық — сыртқа шықпай қоймайтын ішкі былық.

Ілмектер: қызғаншақтық Шоқан Уәлиханов

Ғашықтық адамның өзін-өзі алдаудан басталады, ал аяғы біреуді алдаумен тынады.

Ілмектер: ғашықтық, алдау Оскар Уайльд