Батыр да бір оқтық, ақын да бір оқтық! Ілмектер: батыр, ақын Қадыр Мырза Әли Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Батыр да бір оқтық, ақын да бір оқтық!
Шешендіктен не пайда, Артында сөзі қалмаса? Батырлықтан не пайда, Халқына қайран қылмаса? Хандықтан не пайда, Қарашасын жалмаса? Молдалықтан не пайда, Шариғатты өзгертіп, Нашарларды алдаса? — Төле би Әлібекұлы шариғат, батырлық
Ешкімде іштей батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады. — Бауыржан Момышұлы батыр, мінез
Батыр боп жауға найзаң тимесе, Батырлықтан не пайда. Бай болып халқыңа пайдаң тимесе, Байлығыңнан не пайда… — Әйтеке би батыр, бай
Кімнің жақын, кімнің алыс екені – басыңа іс түскенде ашылады. — Ақан Сері Қорамсаұлы іс, жақын
Толарсақтан саз кешіп, Тоқтамай тартып шығарға. Хас үлектен туған кәтепті, Қара нар керек біздің бұл іске. — Махамбет Өтемісұлы батырлық, ерлік
Шешен жігіт – жол бастар, батыр жігіт – қол бастар. — Шалкиіз Тіленшіұлы шешен, батыр
Оқу-білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек. — Ғабит Мүсірепов білім, ақын
Ел қамын жеген ер - басшы. Ердің жеңілгені - елдің жеңілгені. — Тоныкөк батырлық, ерлік
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі