Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Әркім Эверестке өзі үшін шығады, бірақ шыңға елінің туын тігеді.

Ілмектер: ел, ту, Эверест Маргарет Тэтчер

Кей кезде қойған сұрағыңызға бірден жауап ала алмайтыныңызды түсінуіңіз керек.

Ілмектер: сұрақ, жауап Ник Вуйчич

Өзіне-өзі ғашық болушылық – бұл адамның үлкен соры. Бұл, ең алдымен, өзімшілдікті, күншілдікті туғызады.

Ілмектер: ғашық, сор, өзімшілдік, күншілдік Мұхтар Әуезов

Ешқашан, ешбір жағдайда өзіңнің дандайсуыңа да, менмендікке салынуыңа да жол берме.

Ілмектер: денсаулық, менмендік Антон Чехов

Мал-мүлік жидым деп мәз болма - жан кеткенде кетеді.

Ілмектер: мал, дүние, байлық, өлім, жан Қожа Ахмет Йассауи

Бай малына мәз.

Ілмектер: бай, мал Қожа Ахмет Йассауи

Байлық - мұрат емес, жоқтық - ұят емес.

Ілмектер: байлық, мұрат, кедейлік, ұят Қазыбек Келдібекұлы

Жай адамға бай адамның жүгін артпас болар.

Ілмектер: бай, адам, жүк Жүсіп Баласағұни

Алтын-күміс жиған адам бай емес - сөз жиған адам бай.

Ілмектер: бай, байлық, сөз, алтын, күміс Жүсіп Баласағұни

Болса да қол қысқа - шағынба болмысқа.

Ілмектер: кедейлік Жүсіп Баласағұни

Көзіңді ойып берсең де, дос көңілін қалдырма.

Ілмектер: дос, көңіл Тоқсары

Жақсы достың жасар жақсылығы да көп болар.

Ілмектер: дос, жақсылық Иүгінеки Ахмед

Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.

Ілмектер: ақыл, ғылым, мінез Абай Құнанбайұлы

Ақылдың артықтығы, кеңестің көптігі жоқ.

Ілмектер: ақыл, кеңес Бауыржан Момышұлы

Дүниеде адам баласының ұлы қасиеті екеу-ақ: ой ұлылығы, сұлулық ұлылығы. Көркем айтылған ой ұлы, ойландыра алған сұлулық ұлы.

Ілмектер: дүние, ұлы, ой, сұлулық Ғабит Мүсірепов

Ақылға барынша мол қорек беруге тырыс.

Ілмектер: ақыл Лев Толстой

Ақыл - парасат тәжірибеден туады.

Ілмектер: ақыл, парасат, тәжірибе Леонардо да Винчи

Саясат пердесін жамылғанымен саясатқа сия бермейтін жайларды түсінуге әйел ойы зерек келеді.

Ілмектер: саясат, әйел, ой, зерек Ғабит Мүсірепов

Қазақ әйелін "жан жолдасым" дейді. Бұл үлкен сөз ғой. Жаны мен жаны үндес, ойы, арманы үйлес, егіз адамбыз дегені ғой.

Ілмектер: әйел, қазақ, жан жолдас, арман, егіз, адам Ғабит Мүсірепов

Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика.

Ілмектер: ақыл, ой, тәртіп, математика Михаил Ломоносов