Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Сүйер ұлың болса сүй, Сүйінерге жарар ол.

Ілмектер: ұл Абай Құнанбайұлы

Біз мультфильмдерді ақша табу үшін жасамаймыз, біз мультфильм жасау үшін ақша табамыз

Ілмектер: ақша табу, стартап Уолт Дисней

Әлемдегі үздік білім — өмір үшін күресте беріледі.

Ілмектер: білім, өмір Уэнделл Филлипс

Біздің басты қорқынышымыз – мықтылығымыз.

Ілмектер: қорқыныш Нельсон Мандела

Байлық — қанағат пен еңбекте.

Ілмектер: байлық, қанағат, еңбек Ыбырай Алтынсарин

Айырмашылық бойда емес, ойда!

Ілмектер: Айырмашылық, бой, ой Барак Обама

12 сағат жұмыс жасауың міндетті емес. Бірақ басың үнемі істеу керек.

Ілмектер: жұмыс, бас Стив Джобс

Жақсы мінез адамға азық та, киім де тауып береді.

Ілмектер: мінез Жүсіп Баласағұни

Халық үшін қан төгем деп,
Қараны ханға теңеп берем деп.
Ол мақсатқа жете алмай,
Дегенімді ете алмай,
Қор болдық-ау, шырақ-ай!

Ілмектер: халық, мақсат Махамбет Өтемісұлы

Өркөкіректер өзгелердің тәкәппарлығын жек көреді.

Ілмектер: Өркөкірек, тәкәппарлық Бенджамин Франклин

… Тыңдау сөйлеуден маңызды. Егер бұл шындық болмағанда біздің екі құлағымыз бен бір аузымыз болмас еді.Көп адам жаңа ойлар мен мүмкіндіктерді тыңдап сосын пайдасына асырудың орнына аузымен ойлап, жағаласа береді. Сұрақ қоюдың орнына қарсы пікірін көп танытады.

Ілмектер: тыңдау, адам, пікір Роберт Кийосаки

Рухани мәдениетінің өрісі басқаларға да ортақ болу дәрежесіне жету - халықтың жасампаздығының кепілдігі.

Ілмектер: рухани, халық Сағатхан Әшімбаев

Жамандықтың зары — екіжүзділік, жағымсыздықтың ырқына жүру.

Ілмектер: жамандық, екіжүзділік Василий Сухомлинский

Денсаулық— байлықтан қымбат.

Ілмектер: денсаулық, байлық Джон Рей

Адам баласының жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, алған үлгі, өнеге білетіндігінен және түзелу, бұзылу жас уақытта болады.

Ілмектер: адам, мінез, жастық Мұхтар Әуезов

Саясат — жоқты бар ету өнері.

Ілмектер: саясат Отто фон Бисмарк

Бұзықтың көбі мастықтан болады.

Ілмектер: мас Лев Толстой

Ең ғажап қала — ол адамның бақытты болған жері.

Ілмектер: қала, бақыт, адам Ремарк Эрих Мария

Қызғаншақтар үнемі дүрбімен қарайды, ол кішкентай нәрсенің үлкен нәрсеге, ергежейлілерді — алыптарға, жорамалды — шындыққа айналдырады.

Ілмектер: қызғаныш, қызғаншақ, шындық Мигель де Сервантес

Ғашық патша да, ғашық пақыр да жауласа алмас.

Ілмектер: ғашық Қожа Ахмет Йассауи