Сағатхан Әшімбаев нақыл сөздері

Сағатхан Әшімбаев нақыл сөздері мен қысқаша мәліметтері осы бетте берілген.

Сағатхан Әшімбаев дәйексөздері мен ойларын осы жерден оқуға болады.

Автордың бөлімдері

Автор туралы Нақыл сөздері

Өлең - өмірдің үзіліп түскен мөлдір тамшысы.

Ілмектер: өлең, өмір, нақыл, афоризм Сағатхан Әшімбаев
WhatsApp Telegram

Өлеңде ой мен сезім болғанымен, олар лайықты формада (түр) көрініс таппаған болса - үстінде лыпа жоқ, киімсіз адамдай рабайсыз көрінеді. Керісінше, түрі (форма) келісіп, бірақ ой мен сезім парасаттылығы жетпей жатса - өлең өлең емес, құр айғай болып шықпақ.

Ілмектер: өлең, ой, сезім, нақыл, афоризм Сағатхан Әшімбаев
WhatsApp Telegram

Ойлы әдебиет биік парасаттан, терең білімнен туады.

Ілмектер: әдебиет, парасат, білім, нақыл, афоризм Сағатхан Әшімбаев
WhatsApp Telegram

Шын мәніндегі сұлу поэзияда өнердің басқа салаларының да элементтері қойындасып жүреді.

Ілмектер: өнер, поэзия, нақыл, афоризм Сағатхан Әшімбаев
WhatsApp Telegram

Өлеңнің жаны - сұлулық.

Ілмектер: өлең, сұлулық Сағатхан Әшімбаев
WhatsApp Telegram

Бір адамды бақытты етіп, жүзіне - мұң көлеңкесін, жанына - қайғы ізін түсірмеу әркімнің қолынан келеді.

Ілмектер: бақыт, қайғы, адам, мұң Сағатхан Әшімбаев
WhatsApp Telegram

Рухани мәдениетінің өрісі басқаларға да ортақ болу дәрежесіне жету - халықтың жасампаздығының кепілдігі.

Ілмектер: рухани, халық Сағатхан Әшімбаев
WhatsApp Telegram

Қай халықтың да ұлылығы санының аз-көптігімен емес, рухани мәдениетінің жалпы адам баласына ортақтығымен, гуманистік және интернационалдық сипатымен өлшенсе керек.

Ілмектер: халық, ұлы математиктер Сағатхан Әшімбаев
WhatsApp Telegram

Әдебиеттің атқаратын орасан зор қызметімен ештеңе де теңесе алмайды.

Ілмектер: әдебиет Сағатхан Әшімбаев
WhatsApp Telegram