Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Бөрінің артынан бөлтірік ақылды болғандықтан ермейді.

Ілмектер: Бөрі, бөлтірік Мұхтар Әуезов

Ой да көп, уайым да көп – ойлай берсең, Ой да жоқ, уайым да жоқ – ойнай берсең.

Ілмектер: Ой, уайым Мұхтар Әуезов

Әке адамның ең жақсы iстеген жұмысы , балаларының шешесiн силау.

Ілмектер: Әке адам Матай Сансызбайұлы.

Пайдасыз мылжың сөзді әркім айтар.

Ілмектер: мылжың, сөз, пайдасыз Міржақып Дулатұлы

Кісіні танымақ болсаң - ісіне қара.

Ілмектер: іс, адам Жүсіп Баласағұни

Тәрбиелі адамдар адамның жеке басын ардақтай біледі, сондықтан да ол әр уақытта мейірбанды, жайдары, сыпайы, көнгіш келеді... Болмашыға бола өтірік те айтпайды... Олар көп мылжыңдамайды, ешкім сұрамаса ішкі сырын шашпайды.

Ілмектер: өтірік, сыпайылық, сыр, тәрбиелі Антон Чехов

...педагогикалық әңгіме өткізуге төселу үшін тіпті дарынды адамның өзіне де көп еңбек керек.

Ілмектер: еңбек, әңгіме, педагогика, дарын Константин Ушинский

Сөйлеуді үйренгенің - өскенің. Үндемеуді үйренгенің - ақылыңның кіргені.

Ілмектер: ақыл, өсу Бернард Шоу

Адам кірпіш сияқты. Күйген сайын қатая түседі.

Ілмектер: өмір, сынақ Бернард Шоу

Менің әзілдеу тәсілім - бұл, шындықты айту. Бұдан күлкілі нәрсе жоқ шығар бұл өмірде.

Ілмектер: әзілдеу, шындық Бернард Шоу

Мен демократияны халықтың билігі деп ойлайтын едім. Бірақ, Рузвелт мырза маған демократияның Америка халқының билігі екенін түсіндірді.

Ілмектер: билік, халық Иосиф Сталин

Өз ойының дұрыстығына сенімді адамның сөзі анық болады.

Ілмектер: адам, ой, сөз, сенім Бернард Шоу

Адам баласының ең жаманы – талапсыз.

Ілмектер: адам, талапсыздық Абай Құнанбайұлы

Мен тарыдай жақсылық қылсам, таудай зұлымдығымды жасырғалы қылам. Сөйтіп жүріп, адам атануға ұялмаймын.

Ілмектер: адам, жақсылық Шәкәрім Құдайбердіұлы

Бас көзі жұмылады, көңіл көзі жұмылмайды.

Ілмектер: Көз, көңіл Шәкәрім Құдайбердіұлы

Жоқтық егіндігіне бір бидай еге алмасаң, барлық қырманынан жалғыз арпа да ала алмассың!

Ілмектер: Бидай, Арпа Шәкәрім Құдайбердіұлы

Арыстан көрнеу келеді. Қарақұрт пен шаян жасырынып шақса да, уыты аса зиянды.

Ілмектер: арыстан, қарақұрт Шәкәрім Құдайбердіұлы

Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық.

Ілмектер: өтірік, шындық Бауыржан Момышұлы

Отан - өткенімізді танып, бағалай білу, ең әуелі, өзімізді қадірлей білу.

Ілмектер: отан, қадір Ахмет Байтұрсынұлы

Ұлттың тілі — сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егерде қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?

Ілмектер: ұлт, жан, тамыр Мұхтар Әуезов

Пікірлер