Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Азамат жігіт қанша турашыл, қайсар болғанмен қасарыспа болмайды..

Ілмектер: турашыл, қайсар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций

Ойдағымызды орындап шығу үшін бізге қаржыдан көрі қайсарлық жетіспей жатады.

Ілмектер: ой, қаржы, қайсарлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа де Ларошфуко

Дананы — ойынан;
Батырды — сойынан;
Ізгіні — ісінен;
Жақсыны — түсінен;
Көлгірді — көзінен;
Суайтты — сөзінен.

Ілмектер: дана, ой, батыр, ізгі, іс, жақсы, көз, суайт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Ең қымбат сый — сенімді дос. 

Ілмектер: дос, сый, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Зенон

Өзгелердің бақытсыздығы туралы көп ойланатын адам өз басына түскен бақытсыздықты оңай көтереді.

Ілмектер: бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, бақытсыздық Конфуций

Нағыз адам өз елінің тағдырына қамқорлық жасамайтындарды адам деп айтпас болар.

Ілмектер: адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қамқорлық, ел, тағдыр Әлішер Науаи

Бақыт дегеніміз — әр адамның адамзат баласы мен адамгершілікке еткен өз еңбегінен алатын ләззаты.

Ілмектер: бақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, адамгершілік, еңбек, ләззат Сайын Назарбекұлы

Арды тартып ала алмайды, арды жоғалтады.

Ілмектер: ар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Антон Чехов

Өзіңе өзің сене алмасаң жұрт саған қалай сенбек.

Ілмектер: сенім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лао-цзы

Ақылдың таяздығы қасарыспалықты туғызады.

Ілмектер: ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа де Ларошфуко

Елбасының басын сыйламасаң да, тағын сыйла,
Дін басының өзіне сенбесең де, дініне сен.

Ілмектер: Елбасы, тақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дін Сайын Назарбекұлы

Жындыға қылыш ұстатқан қандай қауіпті болса, арамзаға билік беру сондай қауіпті.

Ілмектер: жынды, арам, қылыш, билік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пифагор

Өз Отанының азаматы бола алмаған, адамзат санатында бола алмайды.

Ілмектер: отан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, адамзат, санат Виссарион Белинский

"Адам болалық" деп қашанғы қақсаймыз, адам болатын уақыт жетті.

Ілмектер: адам, уақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Аврелий

"Адамды Құдай жаратты" дегенге сенейін десем Құдайды аяймын,
"Адам маймылдан жаралды" дегенге сенейін десем адамды аяймын.

Ілмектер: адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, маймыл Сайын Назарбекұлы

Бастау — барлығының жартысы.

Ілмектер: Бастау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пифагор

Адамды естігені мен айтқаны қалыптастырмайды, еңбегі мен әрекеті қалыптастырады.

Ілмектер: адам, еңбек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Альберт Эйнштейн

Өзіне ешкім ұнамайтын адам, ешкімге ұнамайтын адамнан әлдеқайда бақытсыздау.

Ілмектер: адам, ұнау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа де Ларошфуко

Ер қасиеті — шыншылдығы,
Ез қасиеті — күншілдігі.

Ілмектер: ер, ез, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, шыншылдық, күншілдік Сайын Назарбекұлы

Еңбек дегеніміз адамның өмірі.

Ілмектер: Еңбек, адам, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Франсуа Вольтер