Өлең, жыр, ақындар

Ұлағатты сөздер

Өмір ешкімді сыйламайды, тосып тұрмайды — толқып жатқан мылқау мұхит. Сол мұхитпен алыса, арбаса жүріп әркім өз әлінше керегін алады.

Ілмектер: өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мұхит Ғабиден Мұстафин

Кез келген адамға батырдай болсам деген ниет, еліктеу тән.

Ілмектер: батыр, адам, нақыл, афоризм, ниет, еліктеу Бауыржан Момышұлы

Әйел — қашан да нәзіктік пен әдемілік символы ғой. Олар қазақ әйеліне тән иба мен нәзіктікті жоғалтпаса екен.

Ілмектер: Әйел, нәзіктік, әдемілік, символ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Қай халықтың болса да өсер жолында қандай қабілеті тиянақты болса, сонысына сүйене отырып тәрбиелеу ұтымды болу керек.

Ілмектер: халық, тәрбие, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Өмір сыры көп қой, терең ғой, білген сайын көбейе, тереңдей түседі.

Ілмектер: Өмір, сыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Фариза — өз жырын жүрегімен сезгенін, адам табиғатынан байқағанын сыршылдықпен сидырып, адамның алуан сезімдері мен сәттерін, өмір құбылыстарын өз жүрегінің дүрсілімен бере білетін ақын.

Ілмектер: Фариза, ақын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мәриям Хакімжанова

Ерік дегеніміз — қозғаушы күш, мақсатқа жету жолындағы кедергілерді жеңуші құрал.

Ілмектер: Ерік, қозғаушы күш, мақсат, кедергі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Халық барда поэзия жасай береді. Ақындар — халықтың барометрі. Поэзия халық үшін жазылады. Ал, халық оқымаса, ол — поэзия — жетім поэзия.

Ілмектер: Халық, поэзия, ақын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Мен қазақтың қазақ болғанына жетерлік еш нәрсе бар деп ойламаймын.

Ілмектер: қазақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Құйқылжыған өмір шіркін ойлап тұрсаң, рахаттың да, азаптың да базары ғой.

Ілмектер: өмір, рахат, азап, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Ұрыс даласында басшы — сөздің адамы емес, тікелей іс-қимылдың адамы болуы керек.

Ілмектер: басшы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ұйымшылдық бірлесіп ортақ міндет пен мақсатты орындауға ақылды, ерік-жігерді жұмылдыруға мүмкіндік жасайды.

Ілмектер: Ұйымшылдық, міндет, мақсат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ерік-жігер Бауыржан Момышұлы

Өмір — күрес. Мен сол өмірдегі «майданның белгісіз сардарымын, жеңуге де, жеңілуге де дайынмын». Адамзат сезім патшалығын сол қалпында сақтап қалу үшін күреседі. Мен туралы «күрес үшін жаралған жан» дегенді жиі естимін.

Ілмектер: Өмір, күрес, сезім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Адамның барлық ішкі дүниесінің портреті жүзінен көрініп тұрады...

Ілмектер: адам, дүние, жүз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Заманы туған — гүл, заманы кеткен — күл.

Ілмектер: заман, гүл, күл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Тобыр — армия емес, армия да — тобыр емес.

Ілмектер: тобыр, армия, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Қазақта жалғыз шаңырақ бар, ол — Қазақстан! Оңтүстік — өз үйіміз.

Ілмектер: Қазақстан, шаңырақ, үй, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ханбибі Есенқарақызы

Сөйлесек... шындық, әділдік, дұрыстық, ақиқат дегендерді алға ұстай отырып сөйлейік...

Ілмектер: шындық, әділдік, дұрыстық, ақиқат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов

Дүние деген — тұңғиық қара су ғой! Тәуекелі жеткен шешінеді де сүңгиді. Тәуекелі жетпеген жағада тұрып-ақ үрейленіп құриды.

Ілмектер: Тәуекел, дүние, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Күншіл — қоғамда жексұрын да зиянды адам, өйткені ол адамгершілікке, жат қылыққа, тіпті қылмысқа да бейім.

Ілмектер: Күншіл, қоғам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, адамгершілік, қылмыс Бауыржан Момышұлы