Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (2) Ұлағатты сөздер (1) Әзіл, анекдоттар (1)

"аңшылар" туралы Әзіл, анекдоттар

"аңшылар" туралы қазақша әзілдер мен анекдоттар жинағы. Мұнда "аңшылар" ілмегіне қатысты қызықты әзілдер мен күлкілі оқиғалар ұсынылған.

Аң және балық аулауға қатысты әзілдер


Қарт адам алтын балық ұстап алыпты.

— Қария, мені босатшы! Кез келген үш тілегіңді орындаймын.

— Не дейді, құрғыр!

Сол кезде балық көзден ғайып болып, қалған екі тілекті орындай алмай қалыпты.

***

Аңшыны көрген ұрғашы қоян көжектеріне былай депті:

— Ал балалар, құлақтарыңды жабыңдар! Қазір ол бәрібір тигізе алмайды.

***

Аңшы кісі аюды өлтіреді. Ол етін өзіне қалдырып, терісін әйеліне береді, ал цирк велосипеді ұлына бұйырды.

***

— Балық аулау спорт па әлде өнер ме?

— Балық ауланса - спорт, ал бұл туралы әдемілеп айтылса - өнер.

***

Әйелі күйеуін балық аулауға шығарып салады:

— Маған үлкен алабалық аулап әкел! Егер ол дүкенде болмаса, үлкенірек тұқы әкелсең де болады.

***

Үйрек аулауға шыққан аңшы оғын тигізе алмағанына ызаланады. Ал аюға тигізе алмаған аңшының ашулануға уақыты жоқ.

***

Екі балықшы балық аулап отыр.

— Балық аулау кезінде шыдамдылық маңызды! - дейді бірі.

— Мен таңертеңнен бері шыдап отырмын, енді шыдай алмаймын, маған бұранда бер!

***

Қысқы және жазғы балық аулаудың айырмашылығы не? Сол баяғы мас күйде боласың, тек пимамен жүргенің болмаса.

***

Балықшының қорқынышты түсі: өзі қайтыс болыпты, ал әйелі оның құрал-саймандарын жұрттың айтқан бағасына сатып жатыр екен.

***

Аңға шығу, балық аулау тақырыбымен байланысты күлкі сыйлайтын әзіл көп. Ал күлкі өмірді ұзартады.

Ілмектер: аң, Балық, Балық аулау, әзілдер, анекдот, анекдоттар, аңшылық, аңшылар, балықшылар
WhatsApp Telegram