Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (11) Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (66) Ұлағатты сөздер (2) Әзіл, анекдоттар (2)

"аңшылық" туралы Әзіл, анекдоттар

"аңшылық" туралы қазақша әзілдер мен анекдоттар жинағы. Мұнда "аңшылық" ілмегіне қатысты қызықты әзілдер мен күлкілі оқиғалар ұсынылған.

Аң және балық аулауға қатысты әзілдер


Қарт адам алтын балық ұстап алыпты.

— Қария, мені босатшы! Кез келген үш тілегіңді орындаймын.

— Не дейді, құрғыр!

Сол кезде балық көзден ғайып болып, қалған екі тілекті орындай алмай қалыпты.

***

Аңшыны көрген ұрғашы қоян көжектеріне былай депті:

— Ал балалар, құлақтарыңды жабыңдар! Қазір ол бәрібір тигізе алмайды.

***

Аңшы кісі аюды өлтіреді. Ол етін өзіне қалдырып, терісін әйеліне береді, ал цирк велосипеді ұлына бұйырды.

***

— Балық аулау спорт па әлде өнер ме?

— Балық ауланса - спорт, ал бұл туралы әдемілеп айтылса - өнер.

***

Әйелі күйеуін балық аулауға шығарып салады:

— Маған үлкен алабалық аулап әкел! Егер ол дүкенде болмаса, үлкенірек тұқы әкелсең де болады.

***

Үйрек аулауға шыққан аңшы оғын тигізе алмағанына ызаланады. Ал аюға тигізе алмаған аңшының ашулануға уақыты жоқ.

***

Екі балықшы балық аулап отыр.

— Балық аулау кезінде шыдамдылық маңызды! - дейді бірі.

— Мен таңертеңнен бері шыдап отырмын, енді шыдай алмаймын, маған бұранда бер!

***

Қысқы және жазғы балық аулаудың айырмашылығы не? Сол баяғы мас күйде боласың, тек пимамен жүргенің болмаса.

***

Балықшының қорқынышты түсі: өзі қайтыс болыпты, ал әйелі оның құрал-саймандарын жұрттың айтқан бағасына сатып жатыр екен.

***

Аңға шығу, балық аулау тақырыбымен байланысты күлкі сыйлайтын әзіл көп. Ал күлкі өмірді ұзартады.

Ілмектер: аң, Балық, Балық аулау, әзілдер, анекдот, анекдоттар, аңшылық, аңшылар, балықшылар
WhatsApp Telegram

Бір аңшы достарымен әңгіме барысында былай дейді:
- Арыстан аулағанды ұнатамын. Бірақ еш қолға түсіре алмадым. Өткенде бір мүмкіндігім болды. Арыстанның алдына шығып оны нысанаға алып, енді мылтықтың шүріппесін баспақшы едім,- деп Аңшы біраз тұрып, сөзден кідіріп қалды. Тыңдап тұрғандар да қатты қобалжып, бәрі бір ауыздан сұрайды:
- Айт, айтсаңшы! Не болды содан кейін?...
- Сол мезетте цирктің басшысы қолыма жабысып, «Сен не істеп жатырсың?» демей ме?

Ілмектер: цирк, аңшы, аңшылық
WhatsApp Telegram