аң, Балық, Балық аулау, әзілдер... туралы қазақша әзіл, анекдот

Аң және балық аулауға қатысты әзілдер


Қарт адам алтын балық ұстап алыпты.

— Қария, мені босатшы! Кез келген үш тілегіңді орындаймын.

— Не дейді, құрғыр!

Сол кезде балық көзден ғайып болып, қалған екі тілекті орындай алмай қалыпты.

***

Аңшыны көрген ұрғашы қоян көжектеріне былай депті:

— Ал балалар, құлақтарыңды жабыңдар! Қазір ол бәрібір тигізе алмайды.

***

Аңшы кісі аюды өлтіреді. Ол етін өзіне қалдырып, терісін әйеліне береді, ал цирк велосипеді ұлына бұйырды.

***

— Балық аулау спорт па әлде өнер ме?

— Балық ауланса - спорт, ал бұл туралы әдемілеп айтылса - өнер.

***

Әйелі күйеуін балық аулауға шығарып салады:

— Маған үлкен алабалық аулап әкел! Егер ол дүкенде болмаса, үлкенірек тұқы әкелсең де болады.

***

Үйрек аулауға шыққан аңшы оғын тигізе алмағанына ызаланады. Ал аюға тигізе алмаған аңшының ашулануға уақыты жоқ.

***

Екі балықшы балық аулап отыр.

— Балық аулау кезінде шыдамдылық маңызды! - дейді бірі.

— Мен таңертеңнен бері шыдап отырмын, енді шыдай алмаймын, маған бұранда бер!

***

Қысқы және жазғы балық аулаудың айырмашылығы не? Сол баяғы мас күйде боласың, тек пимамен жүргенің болмаса.

***

Балықшының қорқынышты түсі: өзі қайтыс болыпты, ал әйелі оның құрал-саймандарын жұрттың айтқан бағасына сатып жатыр екен.

***

Аңға шығу, балық аулау тақырыбымен байланысты күлкі сыйлайтын әзіл көп. Ал күлкі өмірді ұзартады.

Ілмектер: аң, Балық, Балық аулау, әзілдер, анекдот, анекдоттар, аңшылық, аңшылар, балықшылар
WhatsApp Telegram

Қатысты бөлімдер:

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)



Ұқсас қазақша әзілдер