Көктем. Құстар
Бұл қыста да озық жұртқа теңелмей,
Мемлекет абыройын төксек те,
Күн жылынды — Сенбеймін бе, сенем бе, ей?
Табан тиді көк шөпке.
Бұл қыста да озық жұртқа теңелмей,
Мемлекет абыройын төксек те,
Күн жылынды — Сенбеймін бе, сенем бе, ей?
Табан тиді көк шөпке.
Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт,
Таң-тамаша дүние, дабырлап жұрт.
Көктем келді. Өмірдің келешегі -
Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.
Жасыл нұрға боялған дала мынау,
Күміс шықтан күлкі іздеп салам сұрау.
Гүл аңқыған әлемге арбалам да,
Тағы ғашық, мен осы боламын-ау!
Қар еріп, мінекей көктем келді,
Құстар келіп сымпылдап ән әкелді,
Әр адам өмірді жаңа бастағандай,
Тұрғызды өмір сол бір жатқан дүйім елді!
Қар еріп, су болып, жылға болды,
Ол жылға, аға-аға, өзен толды,
Ауа-райы қайта-қайта өзгеріп,
Дала түсініксіз сырға толды!
Жаңа жылда, жаңа өмір басталды,
Түсінеді бұған тек адамдар байсалды!
Наурыз келді, Рамазан алда ғой,
Кеше бастамаған адам бәрінен кеш қалды!
Он сегізім қоштастың ба, кеттің бе?
Он сегіз де жетеріме жеттім бе?
Бал бөбектей бала кезбен қоштасып,
Кәртейген де өкінбестей еттім бе?
Көз жүгіртіп өте шықсам өткенге,
Бала шағым зу жүгіріп өткен бе?
Ойды қырды қайта-қайта аралап,
Қандай бақыт күтер екен өскен де ?
Он сегіз жас бұл ешқашан оралмас,
Он сегіздей көңіл кетпес жоғалмас.
Қоштасуда қиын болар, себебі,
Жүз жасасаң он сегіздей бола алмас!
Көктемде Бұлттар асығып,
Селдетіп өте шығатын,
Артынан шайдай ашылып,
Дүние балқып тұратын.
Наурыз келді, Күлеке, байқадың ба,
Қатығыңды түндегі шайқадың ба.
Құлшынасың толқындар алып қашып,
Құлаш ұрған баладай қайта ағынға.
Аспанның алыс әлемін,
Көктемнің кезді жас бұлты.
Айтқандай аспан сәлемін,
Жаңбыр жауды, сел құйды.
- Имам Раббани
- Имам Раббани
- Чанакья
- Лао-цзы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі